Чехия Ұлттық футбол құрамасы

Чехия Ұлттық футбол құрама командасы — халықаралық футбол жарыстарында Чехия мемлекетінің намысын қорғайтын құрама команда. 1994 жылы алғашқы матчын өткізді. Әлем чемпионаттарына бір рет қана, 2006 жылы қатысқан. Есесіне Еуропа чемпионаттарына 1996 жылдан бері үздіксіз қатысып келе жатыр. 1996 жылғы Еуропаның күміс жүлдегері атанды. 2004 жылғы Еуропа чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен.

Чехия Ұлттық футбол құрамасы
Конфедерация

УЕФА

Федерация

Чехия Футбол федерациясы

Бас бапкері

Ярослав Шилгавый

Ең көп
ойын саны

Петр Чех (124)

Үздік
бомбардир

Ян Коллер (55)

ФИФА рейтингі

42 (қараша, 2018)[1]

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Бірінші ойын

Түркия 1:4 Чехия (23. 02. 1994)

Ең ірі жеңіс

Чехия 8:1 Андорра (4. 06. 2005)

Ең ірі жеңіліс

Ресей 5:1 Чехия (1. 09. 2018)

Чехословакияның заңды мұрагері саналады.

Тарихы өңдеу

Әлем чемпионаттарында өңдеу

1993 жыл Чехословакия тарады да, ӘЧ-1994 іріктеуі аяқталғанша Чехия және Словакия деген атаумен ойнады. Бірақ біріккен құрама әлем чемпионатына жолдама ала алмады. 1994 жылы 2 ақпанда Түркия құрамасына қарсы алғашқы матчын өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Құрама бір рет қана, 2006 жылы әлем чемпионатына қатысты. Турнирді 3:0 есебімен АҚШ құрамасын ұтып керемет бастағанымен, келесі турда 0:2 есебімен Ганадан ұтылды. Бұл ойында чехтардың бір футболшысы алаңнан қуылды. Соңғы турда дәл сондай есеппен болашақ чемпион Италияға жол берді.

Еуропа чемпионаттарында өңдеу

Еуропа чемпионатына үздіксіз қатысып келеді. 1996 жылғы турнирде Владимир Шмицер, Патрик Бергер, Карел Поборский, Петр Коуба, Павел Недвед секілді жұлдыздардың белсенуімен финалға дейін жетті. Финалда Германиямен ойында бірінші боп есеп ашты да, Оливер Бирхоффты ұстай алмай, екі доп жіберіп алды. Нәтижесінде күміс жүлдені қанағат тұтты.

2000 жылы турнир сәтсіз болды, алғашқы турда алаң иелерінің бірі Нидерланд құрамасымен ойнап, 89-минутта Пьер-Луиджи Коллина белгілеген күмәнді пенальтиден соң 0:1 есебімен ұтылды. Екінші турда болашақ чемпиондар — Францияға жол берді (1:2). Осылайша екінші турдан соң-ақ ширек финалға шығу үмітін үзді.

2004 жылғы бәсекеде де болашақ чемпион Грекияға жол берді. Жартылай финалда ойнаған олар 105-минутта гол жіберіп алды да, "күміс доп" ережесінің құрбаны болды. Бұл тарихтағы бірінші әрі соңғы күміс доп болатын. Айта кетейік, Чехия құрамасы бұл турнирде бас фаворит саналды, жартылай финалға дейінгі төрт кездесудің бәрінде де жеңіске жетті (жеңілгендердің арасында Германия мен Нидерланд бар).

2008 жылы топтан шыға алмады, 2012 жылы 1/4 финалда Португалиядан ұтылды (0:1). 2016 жылы да топта қалып қойды.

Көп ойын өткізгендер өңдеу

#ФутболшыЖЖМатчДоп саны
1Петр Чех2002—20161240
2Карел Поборский1994—20061188
3Томаш Росицкий2000—201710523
4Ярослав Плашил2004—20161037
5Милан Барош2001—20129341
6-7Ян Коллер1999—20099155
Павел Недвед1994—20069118
8Владимир Шмицер1993—20058027
9Томаш Уйфалуши2001—2009782
10Марек Янкуловский2000—20097711

Құрама мергендері өңдеу

ФутболшыЖЖГолМатчОйынға

шаққанда

1Ян Коллер1999—200955910,6044
2Милан Барош2001—201241930,4409
3Владимир Шмицер1993—200527810,3333
4Томаш Росицкий2000—2016231050,219
5Павел Кука1994—200122630,3492
6-7Патрик Бергер1994—200118440,4091
Павел Недвед1994—200618910,1978
8Вратислав Локвенц1995—200614740,1892
9Томаш Нецид2008—12440,2727
10Марек Янкуловский2000—200911770,1429

Дереккөздер өңдеу

Сілтемелер өңдеу

1996 жылдан бергі барлық матчтары Мұрағатталған 11 қазанның 2014 жылы.