Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезіндеаулауға тыйым салды.

Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпенөзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды.Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосфера, гидросфера және атмосфераның терең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізуқажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады.Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.

Мониторинг жүйесінің деңгейлері өңдеу

Мониторинг жүйесі үш деңгейге бөлінеді. Олар:

  1. санитарлық-улылық
  2. экологиялық
  3. биосфералық мониторинг

Санитарлық-улылық мониторинг өңдеу

Санитарлық-улылық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайларын, ең алдымен зиянды заттар, ұсақ ағзалар және паразиттердің ластандыру дәрежесін бақылау, осы ластанудың адамға,жануарлар мен өсімдіктер әлеміне және қоршаған ортаға әсерінзерттеу.

Экологиялық мониторинг өңдеу

Экологиялық мониторинг - бұл экологиялық, жүйелердегі (биогеоценоздардағы) және табиғи кешендердегі өзгерістерді зерттеу,сондай-ақ су, жер және өсімдік ресурстарының қозғалысын айқындау. Табиғи кешендер, биогеоценоздар, биосфераны құрастыратын жеке құрамбөліктердің бұзылу дәрежесі олардыңөзгерістерді есептеуге болатын қозғалысы бойынша бұзылмағанэкожүйелердің бірқатар белгілерін және сипаттарын салыстыружолымен анықтайды. Биогеоценоздың биологиялық өнімділігі,белгілі уақыт аралығындағы құрлық немесе су аудандарыныңбірлігі аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Қоршаған ортағаадамның антропогендік өзара әсерінің дәрежесі туралы жер құнарлылығының, тұщы су қоры мен сапасының төмендеуі, тұрғылықты жердің шөлге немесе батпақты жерге айналуы, минералдықресурстар қорының төмендеуі бойынша пікір айтуға болады. Табиғи құрамбөліктердің сипаты мен бұзылу шамасы туралы пікірайтуға болады. Олар қорғалатын, қорыққа айналған аумақтармен,үлгі өлшем (эталон) деп аталатын тұрақты тәжірибелікүлескілермен байланыстырылып, жануарлар қылығымен (олардыңжылыстауы, тағамдық байланысының өзгеруі және т. б.) теңдестірунемесе салыстыру жолымен жүзеге асырылады.

Биосфералық мониторинг өңдеу

Биосфералық мониторинг табиғаттағы жаһандық өзгерістерді (радиация дәрежесі, атмосферада көмір қышқыл газының, озонның,жылудың болуы және оны шаң басу дәрежесі, мұхит және Жерауалы қабағы арасындағы газ айналымы, құстар, сүтқоректілер, балықтар және бунақденелілердің әлемдік жылыстауы, ғаламшардағы ауа райы - климаттық өзгерістері) анықтауға мүмкіндік берді.Биосфералық мониторингтің басты әдісі әр алуан жер серіктерінің жәрдемімен биосфера күйін бақылау болып табылады. Олар озон қабатының, радиациялық аясының, жер температурасы тәртібінің жағдайларын тұрақты бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Ғарыштан бақылау жасау өңдеу

Ғарыштан бақылау жасау (мониторинг) жанартаулардың атқылауы, су тасқыны, қуаңшылық, орман және даладағы іріөрттер, үлкен кеңістіктердегі өсімдік жабындарына, бунақденелілерге, мысалы, шегіртке немесе басқа зиянкестердің үлкен зиянкелтіруі тәрізді ірі табиғи құбылыстарды бақылауға мүмкіндікбереді. Мұндай құбылыстар туралы ақпараттар шынайы уақыттәртібінде түсетіндіктен, елдер үкіметі мен халықаралық экологиялық ұйымдар осы құбылыстардың келеңсіз салдарларын жоюнемесе бәсеңдетуге тез және тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндікбереді.Ғарыштық мониторингтен басқа аспаптық мониторинг өткізіледі.Бұған әр түрлі ұшу құралдары (ұшақтар, тікұшақтар), автомашиналар, тіпті жаяу экспедициялық бағдар да пайдалануы мүмкін.Бұдан басқа атмосфера, гидросфера және литосфера жағдайынатұрақты бақылау өткізетін стансалардың кең торабы болады.Алынған ақпараттар барлығы жергілікті, аудандық, облыстық және республикалық арнаулы экологиялық мекемелерге жиналады.Жаһандық мониторинг торабының құрылуы арқасында табиғатқорғау шараларын тиімдірек өткізуге мүмкін болады.[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4