Әл-Аләқ сүресі

Әл-Аләқ сүресі (араб. العلقҚою қан) — 96-ш Құран сүресі. 19 аяттан тұрады.

Әл-Аләқ сүресі — العلق

Сүренің арабша мәтіні
Атауының мағынасы

Қою қан

Басқа атаулары

әл-Иқра

Жіктелуі

Меккелік

Жерге түсірілу реті

1

Статистика
Сүре нөмірі

96

Аяттар саны

19

Джуз

30

Хизб

60

Рукуғ саны

1

Сәжде саны

96:19 [1]

Сөз саны

92

Әріп саны

280

Алдыңғы сүре

Әт-Тин сүресі

Келесі сүре

Әл-Қадр сүресі

Аударма

QuranAcademy.org
Kuran.kz

Аудио

Фалак.ru


                                   

Меккелік сүре. 610-жылдың Рамадан айының Қадір түнінде Нұр тауындағы Ғар Хира үңгірінде қырық жастағы Мұхаммед (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағаланың уахи сөзін Жәбірейіл періштеден алғаш естиді.

Мұхаммед пайғамбар (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағаланы есіне алып отырған кезде, Жебірейіл періште келіп оған оқы дейді. Мұхаммед пайғамбарымыз (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын): мен оқу білмеймін деп жауап қайтарады, сонда Жебірейіл періште Мұхаммед пайғамбарды (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) қатты құшағына алып тағы да Оқы дейді.

Бұл жерде Қасиетті Құран Кәрімнің ең алғашқы бес аяты пайғамбарға (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) уахи етілген. Үңгір Меккенің солтүстік-шығыс жағындағы Нұр тауының басында, Мәсжид әл-Харамнан 4 шақырым қашықтықта орналасқан.

әл-'Аләқ сүресі әл-Иқра сүресі (إقرا, "Оқы") деп те аталады.

Араб тілінен қазақ тіліне жуық аудармасы өңдеу

Халифа Алтай бойынша:


Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһның атымен бастаймын.

96:1

Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы!

96:2

Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан.

96:3Оқы! Ол Раббың аса ардақты.

96:4Сондай қаламмен үйреткен.

96:5Ол, адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен.

96:6Сөз жоқ, адам баласы әрине азады;

96:7Ол, өзін мұңсыз көргендіктен.

96:8Шын мәнінде қайту Раббың жақ.

96:9Көрдің бе, сондай тыйым салғанды;

96:10Бір құл намаз оқыған сәтте.

96:11Көрдің бе? Егер ол (Мұхаммед Ғ.С.) тура жолда болса да,

96:12

Немесе тақуалықты бұйырған болса да.

Мысырлық каллиграфиядағы 'Аләқ сүресінің бірінші жолы

96:13

Көрдің бе, егер ол (адам хақты) өтіріксініп, бет бұрған болса?

96:14Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмей ме?

96:15Жоқ, егер ол, бұдан тыйылмаса, әлбетте кекілінен сүйрейміз;

96:16Өтірікші, күнәкардың кекілінен.

96:17Сонда ол, сыбайлаcтарын шақырсын.

96:18Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз.

96:19Олай емес, (Мұхаммед Ғ.С.) оған бағынба, Аллаһға сәжде қыл, жақында!

.............................................................................

Ең алғашқы уахи: 1-5 Аяттар өңдеу

Мұхаммед (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарға "Оқы!" деген бұйрық келеді. Сол түнде сүренің 1-5 дейінгі аяттар пайғабарымызға уахи етіледі.

6-19 Аяттар өңдеу

6-19 аяттар тобы кейінгі уақытта уахи етіледі.

Алдыңғы сүре:
ат-Тин сүресі
Құран - 96 сүреКелесі сүре:
әл-Қадр сүресі
Арабша мәтіні — Қазақ тілі

123456789101112131415161718192021222324252627282930313233343536373839404142434445464748495051525354555657585960616263646566676869707172737475767778798081828384858687888990919293949596979899100101102103104105106107108109110111112113114

Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу

Сыртқы сілтеме өңдеу