Ясин сүресі
Ясин сүресі (араб. يس — Йа Син) — 36-шы Құран сүресі. 83 аяттан тұрады.
Сүренің арабша мәтіні | |
Атауының мағынасы | |
---|---|
Жіктелуі | |
Жерге түсірілу реті | 41 |
Статистика | |
Сүре нөмірі | 36 |
Аяттар саны | 83 |
Джуз | 22 – 23 |
Хизб | 44 – 45 |
Рукуғ саны | 5 |
Сөз саны | 829 |
Әріп саны | 3000 |
Муқаттаға әріптері | Йа, Син. |
Алдыңғы сүре | |
Келесі сүре | |
Аударма | |
Аудио | |
Сүренің атауы бірінші аяттағы “йа” және “син” әріптеріне байланысты берілген. Мұндай бөлшектенген әріптермен (хуруфи муқатаға) басталатын бірнеше сүрелер бар. Бұл әріптердің мағынасы бір Аллаға ғана аян. Сексен үш аяттан тұратын Ясин Сүресі негізінен Мекке қаласында, кейбір сүрелері Мединеде түсірілген. Ясин Сүресіде иман негіздері жайлы кеңінен баяндалады. Мысалы, Құранның негізгі тақырыбы пайғамбарлық жайлы сүренің алғашқы аяттарында былай дейді:
- “Ясин. Даналыққа толы Құранға ант болсын. Сен расында жіберілген елшілеріміздің бірісің, Және сен тура жолдасың”.
Ясин Сүресі ең көп оқылатын сүрелердің бірі. Мұхаммед пайғамбар Ясин Сүресінің қасиеттері туралы көптеген хадистерінде айтқан. Мысалы: “Әр нәрсенің жүрегі бар, Құранның жүрегі Ясин сүресі” (Тирмизиден рауаят болған. “Фазайиул құран”), “Ясин Құранның жүрегі. Алла Тағаланың рахметінен, ақырет күнінің жақсылығынан үміттене отырып, Ясин оқыған адамның өткен күнәларын Алла Тағала кешіреді. Қайтыс болған адамдарың үшін Ясин сүресін оқыңыздар” (Әбу Даууд Жанайиз). Қырық рет Ясин Сүресі қайырып оқып (Шілясин), науқас адамға немесе дем салдырушы кез келген адамға күш кіреді. Ясин – Мұхаммед пайғамбар есімдерінің бірі.[1][2]
Сілтемелер
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |