Фиқһ негіздері

Ислам құқықтануның (фиқһ) негіздері мен қағидалары

Ислам туралы мақалалар тізімдемесінің бөлігі
Усул әл-фиқһ

(Фиқһ негіздері)

Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу

Фиқһ негіздері (араб.: أصول الفقه‎, усуль әл-фиқһ) ғылымын екі жолмен тануға болады.

  • «Усуль әл-фиқһ» деген терминді құрайтын екі сөздің мағынасын жеке-жеке талдау арқылы.

«Асл» (көпше түрі: усуль) сөзінің терминологиядағы мағынасы: «басқа заттар негізделетін нәрсе».

Ал «фиқһ» сөзінің мағынасы: шариғаттың амалдарға қатысты үкімдерін егжей-тегжей дәлелдер арқылы танып-білу. «Шариғат үкімдері» дегеніміз парыз қылу мен харам қылу сияқты шариғаттан алынған заңдар. «Амалдарға қатысты» дегеніміз намаз, зекет сияқты ақидаға қатысы жоқ нәрселер. Аллаһтың таухиды, оның есім-сипаттарын білу сияқты нәрселер терминологияда «фиқһ» деп аталмайды. «Егжей-тегжей дәлелдер арқылы» дегеніміз фиқһтағы жекелей (жалпы емес) мәселелерге қатысты дәлелдер арқылы тану.

  • «Усуль әл-фиқһ» пәніне берген анықтама арқылы: «фиқһтың жалпы дәлелдерін, олардан пайда алу жолдарын және пайда алушының халін зерттейтін ғылым». «Жалпы дәлелдер» дегеніміз егжей-тегжей мәселелерге қатысты емес, фиқһты жалпылай реттеп, оның негізі боп табылатын қағидалар. Мысалға: бірнәрсеге тыйым салу оның харам екеніне, бірдеңеге әмір ету оның уәжіп екеніне дәлел. «Олардан пайда алу жолдарын», яғни үкім етуші сөздер мен олардың жалпы және жеке дәлелдерін зерттеу арқылы ахкәмдардан пайда алу жолдарын білу. «Және пайда алушының халін», яғни муджтаһидты, себебі ол үкімдерден пайда алу арқылы иджтиһадқа жетеді. Оның халін иджтиһадтың шарттары мен үкімдерін тану арқылы білуге болады[1].

Тарихы

өңдеу

Ислам ілімінің классикалық үлгісінде Усул әл-Фиқһерекше пән ретінде бірден қалыптасақойған жоқ. Өйткені, мұсылман дінін алғашқы таратушылар құқықтық заң жинақтарына онша мұқтаж болмағаны белгілі.Алғашында Мұхаммед ﷺ мұсылмандінін ұстаушыларға барлық тәртіп пентәрбиелік ұсыныстар Аллаһ Тағаланыңәмірімен болатындығына сендірді. Оныңісін алға апарушылар мен ізбасарларытіршіліктегі әділет заңдылықтарын Құрансүрелерінен іздестірді. Егер де олар күнделікті өмірге қажет іс-әрекеттерге басшылықететін заңдардың топтамаларын Құранбеттерінен таба алмаған жағдайда, ондағыайтылатын хадис-сүрелердегі мінез-құлықережелеріне сәйкестендіріп, күнделіктітіршілік тәжірибелеріне арналған шариғатүлгілерін жасап таратқан болар еді. Алайда,Ислам дініндегі негізгі басшылыққа алынатын заңдылыктардың теориялары да,өмірде пайдаланатын іс-әрекеттері де Пайғамбардай ﷺ ізбасарлары мен ісін алғаапарушылардың алғашқы буындарыныңөмірден кетуіне орай, нақты етіп жазылған құқық заңдылықтарының қажеттігідами берді. Ислам дінін өркендеуші жаңабуындардың заңдылық негізін тереңбілмегендіктерінен, бір жүйеге түскензаң жобаларының қажеттілігі барған сайын күшейе түсті. Оның үстіне араб халифатына жаңадан қосылып жатқан елдермен жаулап алған жерлерге үстемдік етуүшін де, Құранға сілтеме жасай отырыпқұрастырылған заңдар жинағы қажет болды. Міне, осы тектес жағдайлар VIII ғасырдыңсоңында, қоғамдағы адам әрекеттерінзаңдастыратын ережелердің үлгісі қалыптаса бастады.

Ислам іліміндегі құқық заңдылықтарының баптары уақыт өткен сайын толықтырылып, дамумен болды. Осының салдарынан IX ғасырда аш-Шафиғидің көзқарастарыәжептәуір жетілдіріліп, жаңа сипаттарғаауыстырылды. Ендігі жерде Усул әл-Фиқһ ілімінің классикалық үлгісі ретінде Пайғамбарлықﷺ ізбасарларының (мазһаб ас-сахаба)айтқандарын да өз алдына негізі бар жекетұжырым ретінде таныды. Тағы бір ерекшеескерілетін жағдай, мазһаб негіздері бұрынғыдай да кең көлемде танылып, Усул әл-Фиқһбаптарында көптеген мәселелерді нақтылышешуге жэрдемдеседі. Кезінде әш-Шафиғиқабылдамаған истихсан да, истислахта ханафилік қауымның жиі пайдаланатын тәсіліне айналды. Тіпті, шафииттікмазһабтың өзі ілім ретінде жетіле келіп,Усул әл-Фиқһтің көрнекті де нақты немесе асапәрменді әдісінің бірі — истисхабты дамыта түседі. Сөйтіп, Исламдағы пәрмендіәдістер арқылы құқық заңдылықтарыншешу, бұрынғы классик, заң мектептеріндамыта түсіп, өмірдің сан қилы мәселелерін шешті. Соның нәтижесінде соңғытәсілдер діни көзқарастарға айнала бастады. Өмірдегі құқық заңдылықтарындапәрменді тәсілдердің негізінде Құран менСүннет қағидалары Аллаһтың әмірімен болатындығын баса көрсетті. Сөйтіп, өмірдіңнақты пәрменді әдістері әл-иджтихад, тіптіУсул әл-Фиқһ ілімнің теориясына да ықпал етебастады. Кейінгі кездегі Ислам ойшылдары (мысалы, аш-Шахрастани, 1153 ж.ө.)Усул әл-Фиқһ дегеннің орнына-усул әл-иджтиһаддеп жиі пайдаланады. Ал сунниттердіңарасында иджтиһад, бұрынғыдай дапәрменді тақлидті жиі қолдана бастады.Жаңа ұғымдарға сәйкес тақлид дәуірініңкелуі, күллі мұсылман заңдылықтарыныңтоптамасы, бірыңғай пікір мен ой жүйесінеауысты деуге тіпті де болмайды. Әрбір елдіңтұрмыс салттарындағы өзгешеліктер, олардың діни көзқарастарына да түсініктерінеде әсерін тигізбей тұра алмайды. Мәселен,мәлікшілер тіршілікте қолданылатынмуджтаһидтердің барлық іс-әрекеттерінқолдамайды. Сол тәрізді заһириттер декейбір ханбалиттер сияқты Пайғамбардыңﷺ ізбасарларының ижмағ тәсілінжиі пайдананады. Мұсылман әлеміндегіәрбір мазһаб топтарының Усул әл-Фиқһ үлгісінеөзіне тән көзқарастары қапыптасып, ондағы сан түрлі мұсылмандық дәстүр-салттар шариғат заңдарымен үндестіріліп,Құран сөздерінің құдіретімен құпталады.Осы айтылған сан қилы көзқарастар біртүйінге келмегенімен Усул әл-Фиқһ ілімінің үлгісіндегі негізгі қағидаларды басшылыққаалады. Бүкіл мұсылман қауымы қолданатын заңдардың жинақтары Ибн Халдунжіктемелеріне сүйене отырып, негізінен,үш түрлі категорияға бөлінеді. Біріншітопқа жататын шығармалар, ең әуелі құқықжөніндегі заңдарының бастамасы болғаннегіздерін қарастыра келіп, нақты ережелер белгілейді. Екінші топқа жататындар,негізінен, ханафилік мазһабтардың еңбектер мұнда Усул әл-Фиқһ үлгілерінің нақтылышешім қабылдайтын ережелеріне көпкөңіл бөлінеді. Үшінші топқа Усул әл-Фиқһ ілімібойынша жоғарыда көрсетілген екі түрліағымында зерттелген ғалымдардың еңбектері кірелі. Сонымен, Усул әл-Фиқһ ұғымы әл-фиқһ заң жобаларының шығу себептерінтүсіндіріп қана қоймайды, оған қоса осыілімнің акыл-парасаттағы (теория) жәнеметодологиялық әдістерін де кең түрде қамтиды.Бұл құқық заңдарының негізін қалаушыУсул әл-Фиқһ ілімі өзінің әр ережесін Құрансөзімен құптата отырып, өмірдегі нақтықұбылыстарға икемделіп жасалынған.Сондықтан қазіргі мұсылман әлемі сонау орта ғасырда жасалынған заң ілімініңклассик, нұсқасын жетілдіре пайдаланыпотыр. Ал XIX ғасырдың орта кездерінен бастап, бүкіл мейл. жүйедегі заң жобаларымен ұйқастыра отырып, Усул әл-Фиқһ іліміөзінің жаңа сападағы өзгерістерін тауыпотыр. Негізінен, мұсылман заңгерлерініңұстап отырған бағыттары Исламның негізгі идеологиясынан алшақтамайтын болғандықтан, әуел бастағы жасалынған діни инабаттар аса үлкен өзгерістерге ұшырамайтындығымен құнды.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. «әл-Усуль мин илм әл-усуль», Мұхаммед әл-Усәймин; ISBN 977-331-102-3
  2. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010 ISBN 9965-26-322-1

Тағы қараңыз

өңдеу