Мазһаб

шариғи құқықтық мектеп
(Мазһабтар бетінен бағытталды)

Мазһаб (араб. مذهب - араб тілінде «баратын жол», «лайықты көзқарас» мағыналарын білдіреді.) — Ислам тарихында пайда болған барлық саяси, сенімдік (итикадтық) және фикһтық (шариғат ғылымы, тәсілдері мен үкімдері), сонымен қатар амалдық (іс-әрекетке қатысты) пікір ағымдарын анықтайды.

Терминологияда мазһаб Ислам дінінің түрліше түсіндірілуі және іске асырылуынан пайда болған итикадтық және фикһтық қоғамдарды анықтайтын ұғым болып табылады. Негізінен, Ислам тарихындағы барлық мазһабтар саяси және итикадтық немесе фикһтық, фикһтық-амалдық мақсатта пайда болған. Белгілі бір тұлға немесе ғалымның тұжырымдары мен анықтамаларын қолдаған қоғамдар Құран аяттары мен хадистерді өз түсініктеріне арқау етіп алған.

Саяси, діни және амалдық түсініктеріне Ислам дінінен дәлелдер іздестірген. Барлық мазһабтар, қай мақсатта және қай себеппен шықса да, Құран мен сүннет түсінігіне арқа сүйейді. Десек те, олар осы екі негізгі қайнар көзді түрліше түсініп, әрқалай жорамалдаған. Мазһаб төртке бөлінеді: ханафи, малики, шафиит және ханбали. Тағы бір сүнниттік мазһаб — захириттік — жоғалып кетті десекте болады.Шииттер арасында көп таралған мазһаб Джафари мазһабы деп аталады.

Мазһабтардың шығу тарихы

өңдеу

Ислам тарихындағы саяси және итикадтық себептермен шыққан мазһабтар бастапқыда «фырқа» (көпше түрде фырақ), «нихле» (көпше түрі нихал) және «мақала» (көпшетүрі мақалат) деп аталған. Бұл ұғымдардың әрқайсысы басқа түсінік пен амалдаболған топ немесе топтар деген ұғымдыбілдіреді. Яғни, белгілі бір себептерменмұсылман қоғамына сай келмейтін дінитоптардың атауы болып табылады. Мұсылман қоғамдары арасында пайда болғанбөгде діни түсінік пен жорамал алғашқыда«мақала» деп аталған. Мысалы, адамдар үлкен күнә істеген мұсылманның жағдайытуралы пікір таластырғанда осы тақырыпта бір ғалым басқа түсінік берсе, осыкөзқарас немесе түсінікті «мақала», онышығарған адамды «сахибу л мақала» депатайтын еді. Имам Әл-Әшаридің «Китабу Мақалати л-муслимин уә хилафи л мусаллин», әл-Куммидің «Китаб л-мақалат»атты шығармалары осы салада жазылғаналғашқы туындылар ретінде түрлі мақалалар туралы кең мәлімет береді. Соныменқатар, «мақала» сол кезеңдегі адамдардыңтұрақты (өзекті) мәселесі деген мағынағажәне жүзеге асыруы үшін жіберілген.

Исламның түсіндірілуі

өңдеу
Мазхабтардың таралу картасы.

Ұлы Аллаһтың бұйрықтарында Исламның түсіндірілуі ерекше орын алады. Аллаһтың аяттарын түсіну және әлемді тануадамға жүктелген міндет болып табылады. Әрбір адамның Құранда көрсетілгенақиқаттарды түсінуі және өз мүкіндігіншепайлануы көзделген. Адамдардың түсініктері мен ақиқатты ұғынуы әр түрлі. Әрбір адам өз ақылы мен ғылымы арқылыақиқатқа жете алады. Ақиқатты көруіжәне анықтауы тікелей өзіне байланыстыжүреді. Бұған тіл білімі, дін және әдет-ғұрыптары маңызды ықпалын тигізеді.Мұндай жағдай ғылым адамдары арасында не болмаса қоғамда сан қилы пікірлержәне түсініктердің қалыптасуына себепболады.Адамдар бейімділіктері, қалаулары,ақылы мен еркі, қабілеті мен табиғатыжағынан бір-біріне ерекше жаратылған.Кейбір адамдар ақылы мен еркін жақсынәрселерге қолданып, пайдалы істер жасап, жаратылысына сай өмір сүрсе, кейбіреулері ақыл, ғылым және қабілеттерінтеріс пиғылда қолданады. Олар нәпсісіне, шайтанның азғыруына және құмарлыққатүсіп жолдан адасады. Аллаһты ұмытып,өткінші ләззат пен құмарлыққа салынып,өздері де адасады, балаларды да адастырады. Күпірлік пен арандатуға себеп болады, иман мен Ислам шеңберінен алыстайды. Ал, кейбір адамдар өздерін туражолға салатын «көмекші» іздейді. Басқалардың сөзін тыңдап, солардың жолынатүседі. Бұлардың бір бөлігі - еліктеушілер(еріксіз және білімсіз адамдар), екіншібір бөлігі - адамдарды «көсем» (каризма) немесе Тәңір деп санайтындар. Олардіннің негіздерін қайнар көздерден (Құран мен сүннеттен) үйренуге тырыспайды, басқа адамдардың түсіндірмелеріненалады. Яғни, аят, хадистерді өздігінентұжырымдамау басқа біреулерге еліктеп,солардың берген түсініктемелеріне арқасүйейді.Бірақ та осындай адамдардың әрқайсысы ақиқатты өздері ғана жақсы білетінін, Исламды өздері ғана дұрыс түрде түсінетінін,басқа адамдардың қате ойлайтынын жәнетура жолда емес екенін айтады. Міне, осытүсінік басқа діндерде де, Ислам тарихындада бөлшектенуге, бөлінуге жол ашты. Бір-бірін араз, адасқан және күпірлікте деп санайтын көптеген мазһабтардың пайда болуынасебеп болды.Бір жағынан Құран Кәрім ақыл иелерінойлануға, әлемдегі нәрселерді түсінугежәне олардан дәріс алуға шақырады. Зейіні мен пікірі әртүрлі адамдардың ерекшетүсініктерде болуы табиғи нәрсе. Қоғамдабасқа ой-пікірлер, түсініктер мен жорамалдардың топтарға бөлінуге себеп болуы датабиғи нәрсе. Ислам тарихында діни топтардың, көбінесе Құран мен сүннетті түрліше түсініп, анықтаудан пайда болғаныбелгілі жағдай.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010 ISBN 9965-26-322-1