Ханафи мазһабы

сүнни исламдағы дәстүрлі төрт мазһабтың бірі

Ханафи мазһабы - алғашқы құрылған сунни фикһ мектебі. Бұл мазһаб Имам Ағзам Әбу Ханифаға тән болғандықтан, Ханафи мазһабы деп аталады. Шын аты Нуғман болған Әбу Ханифа һижраның 80 жылы (милади 699 ж.) Куфада туылып, һижраның 150 ж. (милади 767 ж.) сол жерде қайтыс болады. Ханафи мазһабына кіретінғалымдар Әбу Ханифаны «Имам Ағзам» (ұлы имам) деп атайды.Әбу Ханифа 20-дан асқан шағында Ирактың атақты факихы Хаммад бин Әбу Сүлейменнің мектебіне барып, сонда ұзақжылдар бойы білім алады. Сол жерде Жафар Садық пен Мұхаммед Бақыр сияқты бір топ атақты ғалымдардан да дәріс алады. Ұстазы Хаммад қайтыс болғаннанкейін Әбу Ханифа оның орнын басып, шәкірттерге сабақ бере бастайды. Осылайша оның 40 жасыңда басталған ұстаздық(оқытушылық) міндеті өмірінің соңына дейін жалғасады.Ақылдылығы, білімділігі және дарындылығымен қоса, ол сауда-саттықпен де айналысады және адамдардың мәселелерін,қажеттіліктерін әрі бейімділіктерін жақсы түсіне білуі Әбу Ханифаның құқыққа қатысты көзқарастарының (иждихат) қабылданып, кеңінен қолданылуына себепшіболады.

Әбу Ханифа сахабалардан дәріс алғандықтан «табиғин» мәртебесінде танылды. Оның Әбу Ханифа лақабы туралы нақты мәлімет жоқ. Ханифа атты ұлы да жоқ. Ибн Хажар ал-Хайсами, ол үнемі қолына дәуіт ұстап жүретіндіктен оған «Әбу Ханифа» деп аталды.[1]

Қысқаша тарихы өңдеу

Әбу Ханифа ұстаздарынан үйренген бұрынғы ұрпақтарға тән фикһ мирасын өзіөмір сүріп жатқан кезеңнің шарттары менәдет-ғұрыптарын назарға ала отырып,діннің негізгі мақсаттары тұрғысынанқайта қарастыруды жөн көріп, шектеулінастардың (аяттар мен хадистер) өмірдіңшексіз оқиғаларына толық жетуін қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етеді және настар мәселесінде ақылдың қолданылуынакөп мән береді. Әсіресе, хадистердің үкімшығаруға қолданылуын барынша тығызшарттарға байланыстырады, тіпті хадиске қарағанда жеке көзқарасына көп мәнбергені үшін кінәлі болады.Қияспен қоса истихсан әдісін де көпқолдануы оның ақылға аса көп мәнбергендігін көрсетеді. Қияс құқық мәселесінде жүйелі түрде ақылды қолдану дегенмағынаны білдіреді. Ал истихсан болса,діннің жалпы қағидалары мен мақсаттарытурасында еркін пікірлеу деген мағынағакеледі. Әбу Ханифа сахабалардың ортақкөзқарастарынан туындаған үкімдерді дәлел ретінде алып, пәтуалар берген. Сахабалар келіспеген мәселелерде олардың ішіненбіреуінің көзқарасын алып, сахабалардыңкөзқарасынан тыс шықпаған. Әбу Ханифаберген пәтуаларында адам құқықтарыныңқорғалуын басты қағидалардың біріне айналдырған.Әбу Ханифаның шәкірттері мен достарыоның білімін жалғастырып, оның қойғанқағидалары мен ережелеріне бойұсынаотырып, жасаған ижтихат іс-әрекеттері менмазһабтың жүйелі түрдегі құрылымын толықтырған. Олардың басында Әбу Юсуф пенМұхаммед болған.

Ханафи мазһабы Ирақта пайда болып, Аббасилер дәуірінде Әбу Юсуф бас қазы болғанкезде ресми мазһабқа айналды. Ханафи мазһабышығысқа қарай кеңінен тарала отырып,Хорасан мен Мәуереннахрда барынша дамыды. Осман мемлекетінде де Ханафи мазһабымемлекеттің құқықтық тұрақтылығын жәнеортақ үкімнің шығарылуын қамтамасызету мақсатында ресми мазһаб ретінде қабылданады.Қазіргі таңда Ханафи мазһабы Түркия, Пәкістан,Үндістан, Ауғанстан және Орта Азиядағытүрік мемлекеттерінде, Қазақстанда кеңінен тараған.[2]

Ханафи мазһабының кітаптары өңдеу

I. Заһирур-Риуая,

II. Надирур-Риуая және

III. Уақиғат деп үшке бөлінеді.[3]

Заһирур-Риуая кітаптары өңдеу

I. Заһирур-Риуая мына алты кітаптан тұрады: 1. әл-Мәбсут, 2. әз-Зиядат. 3. әл-Жамиғус-Сағир, 4. әл-Жамиғул-Кәбир, 5. әс-Сиярус-Сағир, 6. әс-Сиярул-Кәбир. Имам Мұхаммед осы аталмыш алты кітапы мүтәуәтір жолмен Әбу Ханифа және Әбу Юсуфтан риуаят еткендігі үшін ішінде күмән жоқ деген мағынада «Заһирур Риуая» деп аталған. Сонымен бірге бұл кітаптарда Имам Мұхаммедтің көзқарастары да бар. Ханафи мәзһәбінің негізі осы кітаптардан алынғандықтан «әл-Усул» деп те аталады.[3]

Надирур-Риуая кітаптары өңдеу

II. Надирур-Риуая болса мына бес кітаптан құралады: 1. Кәйсәният (Имам Мұхаммедтен Шұғайб бин Сүлейман әл Кәйсәни риуаят еткендіктен осылай аталған) 2. Харуният (Харун Рашидке ұсынылғаны үшін осылай аталды) 3. Журжаният (Журжанда жазылғандығына байланысты немесе Али бин Салих әл-Журжани риуаят еткендіктен осы атауды алған) 4. Раққият (Имам Мұхаммед Раққада Қазы болған кезінде шешкен мәселелерін қамтығандығынан осылай аталды) 5. Зиядатуз-Зиядат. Бұл кітаптарға Науадирур Риуая немесе Ғайру Заһирир Риуая деп аталуының себебі, бұл кітаптардың риуаяты мүтәуәтір дәрежесіне жетпегендігінен болып табылады.[3]

Уақиғат кітаптары өңдеу

III. Уақиғат төмендегі екі кітаптан тұрады:1. ән-Нәуәзил, 2. әл-Фатауа.[3]

Дереккөздер өңдеу

  1. Ali Hafif, Ahkamü’L muamelatiş – Şeriye, Kahire ts., s.16; A.Özel. Hanefi Fikih Alimleri; TDV Yay., Ankara 1990, s.12.
  2. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010 ISBN 9965-26-322-1
  3. a b c d «Тахауи ақидасы». Араб тілінен аударған Азамат Жамашев. ISBN 9965-903-05-0 «Алтын алқа» баспасы.