Роберт Левандовский

Роберт Левандовский (пол. Robert Lewandowski; 1988 жылы 21 тамызда туған, Варшава, Польша) — поляк футболшысы, "Барселона" клубы мен Польша құрамасының шабуылшысы.

Роберт Левандовский Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

21 тамыз 1988 (1988-08-21) (35 жас)

Туған жері

Варшава, Польша

Азаматтығы

 Польша

Бойы

185 см

Салмағы

81 кг

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Барселона

Номері

9

Жастар клубы
1996—1997Польша Партизан
1997—2004Польша Варсовия
Клуб карьерасы[* 1]
2005Польша Дельта17 (4)
2005—2006Польша Легия II12 (2)
2006—2008Польша Знич59 (36)
2006—2007Польша Знич II2 (2)
2008—2010Польша Лех58 (32)
2010—2014Германия Боруссия Дортмунд131 (74)
2014—2022Германия Бавария253 (238)
2022—Испания Барселона34 (23)
Ұлттық құрамы[* 2]
2007Польша Польша U191 (0)
2008Польша Польша U213 (0)
2008— Польша148 (82)
Марапаттары мен медальдары
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Мансабы

Клубтық

Бала кезінде әкесі жұмыс істейтін "Партизан" (Лешно) клубында жаттықты. 2004 жылы Варшаваның "Варсовия" клубынан "Дельта" клубына ауысты. Кейін "Легия ІІ" клубына қосылды. 2006 жылы "Знич" клубына ауысып, 2007/08 жылға маусымда Польша екінші лигасында үздік мерген атанды.

2008 жылы жазда "Лех" клубымен бес жылдық келісім шарт жасасты. 8 тамызда Польша чемпионатындағы тұңғыш ойынын "Белхатув" клубына қарсы өткізді. Ойынның 67-минутында тұңғыш голын соқты. Бірақ "Лех" 2:3 есебімен ұтылып қалды. 2008/09 жылғы маусым қорытындысында "Лех" үшінші орын алды, Левандовский 14 голмен мергендер көшінде екінші боп мәреге жетті.

2010 жылы 1 шілдеде 4,750 млн еуро төлеп, "Боруссия Дортмунд" сатып алды. Роберт 7-нөмерлі жейдені киді. 22 тамызда Германия Бундеслигасындағы тұңғыш ойынын "Байер 04" клубына қарсы өткізді. 19 қыркүйекте тұңғыш голын сырт алаңда "Шальке 04" қақпасына соқты. Маусым соңында дортмундтық клуб Германия чемпионы атанды, ал Левандовский 33 ойында 8 гол соқты.

2011/12 жылғы маусымда ол 9-нөмірге ауысты. Бұл жолы Роберт команданың маусымдағы үздік мергені атанды: 33 ойында 22 рет көзге түсті. Ал Германия кубогының финалында "Баварияға" қарсы ойында хет-трик жасады. Бұл ойында "Боруссия" 5:2 есебімен жеңіске жетті.

2012/13 жылғы Чемпиондар Лигасының маусымында команда өте сәтті ойнады, тек финалда "Баварияға" жол берді. Жартылай финалда "Реал Мадрид" қақпасына покер жасап, жартылай финалда 4 гол соққан тарихтағы тұңғыш футболшы атанды.

2014 жылы қаңтарда "Бавариямен" келісім шарт жасасты, бұл келісім шарт 1 шілдеде күшіне мінді. 2015 жылы 22 қыркүйекте "Вольфсбург" қақпасына тоғыз минут ішінде бес гол соғып, әлемдік рекорд жасады (51', 52', 55', 57', 60' минуттарда).

2016 жылы 14 мамырда Бундеслигада 30 гол соққан тұңғыш легионер атанды. Осы жылы клубпен келісім шарт мерзімін 2021 жылға дейін ұзартты. 2019/20 жылғы маусымда УЕФА Чемпиондар лигасы мен Германия бундеслигасының үздік мергені атанды (тиісінше 15, 34 гол).

2019/20 жылғы маусым Роберт үшін мансабындағы жетістікке жеткен маусым болды. Сол жылғы маусымда ол алғаш рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Одан бөлек футболшы мүмкін болған 6 кубокты қаңжығасына байлады.

2021 жылы Роберт Левандовский Бундеслигада бір маусымда ең көп гол соққан футболшы ретінде аты тарих беттерінде қалдырды. Сол жылы Роберт Германия чемпионатында 41 голдың авторы атанды және 1971/72 жылғы маусымда 40 гол соққан Герд Мюллер рекордын жаңартты.

2022 жылы Роберт Левандовский Бавариядан кету жайлы шешім қабылдады. Сол жылы жазда Бавария футбол клубы ойыншыны сатты. Левандовский Бавариядан 45 миллион еуроға "Барселона" клубының сапына қосылды және 5 миллион еуро бонус ретінде қарастырылады. Футболшы Барселонамен 2025 жылға дейін келісімшарт жасасты. Және тағы 1 жылға ұзартуға болады делінген келісімшартта.

Ұлттық құрамада

2008 жылы 10 қыркүйекте Сан-Мариноға қарсы ойында тұңғыш рет Польша Ұлттық футбол құрамасы сапында алаңға шықты. 2012 жылғы Еуропа чемпионатында Роберт 9-нөмірмен ойнады, беташар матчта Грекия қақпасына гол соғып есеп ашты. Бұл турнирдегі алғашқы да соңғы голы боп қала берді, құрама 1/4 финалға шыға алмады.

2016 жылғы Еуропа чемпионатында бір гол ғана соқты, ширек финалда Португалиямен ойынның 100-секундында есеп ашты. Бірақ бұл гол құрамаға көмектеспеді, поляктар пенальтилер сериясында жеңіліп қалды.

2017 жылы 5 қазанда Армения қақпасына 48-ші голын соқты да, ұлттық құрама сапында ең көп гол соққан ойыншы атанды.

2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты, бірақ ойыны сәтсіз болды.

Жетістіктері

Клубтық

Роберт Левандовский жаттығуда
Лех
  • Польша чемпионы (1): 2009/10
  • Польша Кубогының иегері (1): 2008/09
  • Польша Суперкубогының иегері (1): 2009
Боруссия Дортмунд
  • Германия чемпионы (2): 2010/11, 2011/12
  • Германия Кубогының иегері (1): 2011/12
  • Германия Суперкубогының иегері (1): 2013
Бавария
  • Германия чемпионы (8): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2020/21, 2021/22
  • Германия кубогы (3): 2015/16, 2018/19, 2019/20
  • Германия суперкубогы (5): 2016, 2017, 2018, 2020, 2021
  • Чемпиондар лигасы: 2019/20
  • УЕФА суперкубогы: 2020

Жеке

  • Польша чемпионатының үздік шабуылшысы (1): 2009/2010 (18 гол)
  • Польшаның жыл футболшысы (3): 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2019
  • Германия чемпионатының үздік ойыншысы (1): 2012
  • Германия чемпионатының үздік шабуылшысы (1): 2013/2014 (20 гол), 2015/16 (30 гол), 2017/18 (29 гол), 2018/19 (22 гол), 2019/20 (34 гол)
  • Еуропаның үздік футболшысы: 2020
  • Германияның жыл футболшысы: 2020
  • Польша құрамасы тарихындағы үздік мерген: 63 гол
  • Чемпиондар лигасының үздік мергені: 2019/20

Жеке өмірі

Кәсіби каратеші қыз Анне Левандовскийга үйленді. Роберт қазіргі кезде екі қыздың әкесі.

Дереккөздер

Сілтемелер