Османлы сұлтандарының тізімі

(Османлы Мемлекетінің сұлтаны бетінен бағытталды)


Османлы мемлекетінің сұлтаныОсманлы мемлекетінің басшысы, Османлы әскерінің бас қолбасшысы.

Османлы мемлекетінің сұлтаны
түр. Osmanlı Devleti'nin sultanı
Империялық

Османлы мемлекеті сұлтанының байрағы

I Османнан VI Мехметке дейінгі османлы сұлтандары
Алғашқы сұлтаны I Осман (1299-1326)
Соңғы сұлтаны VI Мехмет (1918-1922)
Лауазым пайда болды 27 шілде 1299 жыл
Лауазым ыдыратылды 1 қараша 1922 жыл
Резиденциялар

Османлылардың ата-тегі оғыздардың қайы тайпасынан шығады. Бұл тайпа XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығынан құтылып, Анадолыға көшеді. Тайпаның басшылары осында әскер жинап жатқан хорезмшаһ Жалаладдин Мәңгібердінің (1199-1231) қызметінде болады. Кейінірек Ертұғрыл бей (1198-1281) бастаған тайпаның бір бөлігі Анадолы Селжұқ Мемлекетіне көшеді. Селжұқтардың сол кездегі сұлтаны I Алаеддин Кейкұбат (1192-1237) Ертұғрылға Анадолыдағы Сөгүт қаласын сыйлайды. Осы қалада Ертұғрыл ұлы I Осман 1299 жылы Османлы Бейлігінің негізін қалайды.

I Осман (1258-1326) және оның баласы Орхан (1288-1359) Анадолыдағы әжептәуір жерді басып алады.

I Мұрат (1326-1389) өз әкесі мен атасының жаулауларын жалғастырады. Бұл жетістіктерді пайдаланып, ол 1383 жылы өзіне «сұлтан» деген атақ алды. Ол 15 маусым 1389 жылы Косово шайқасында серб серісі Милош Обиличтің қолынан қаза тапты.

I Баязит (1357-1403) небәрі 13 жыл ішінде (1389-1402) мемлекеттің аумағын екі жарым есе ұлғайтты. Бұл оның шешімді тез қабылдауы мен оның әскерінің шапшаң жылжуының әсері. Осыған байланысты ол «Шапшаң» деген лақап атымен әйгілі. Шапшаң Сұлтан Баязит тек бір ғана шайқаста жеңілді: Анкара шайқасында. Бұл жеңіліс ел ішінде өзара соғысты туғызды. Сұлтанаралық заманында I Баязиттің ұлдары Иса, Мұса, Сүлеймен және Мехмет арасында соғыс болды. Сұлтанаралықтан Мехмет шаһзада жеңімпаз болып шықты.

I Мехмет (1387-1421) сұлтанаралықтан әбден әлсіреген мемлекетті қайта қалпына келтірді. Замандастар бұл сұлтанды әділ, момын, бейбітшіл және білімді деп сипаттайды.

II Мұрат (1404-1451) өте қайратты билеуші болды. Оның тұсында османлылар өзінің ескі иеліктерін қайтарып алды. Елде мешіттер салынды, өнер өрледі, ғылым дамыды және мәдениет өркендеді.

II Мехмет (1432-1481) 1453 жылы Шығыс Рим империясының елордасы Константинополь қаласын жаулап алып, империяны толығымен жояды. Осыдан бастап ол «Жаулаушы» лақап атымен танымал болады. Константинопольмен шектелмей, Еуропаның басқа да жерлерін жаулауға кіріседі. Бірақ оның жасы мен денсаулығы оның көптеген жоспарларына кедергі болды. Жаулаушы Сұлтан Мехмет 1481 жылы ол Гебза қаласында мерт болды. Өзі салған Фатих мешітінде жерленді.

I Сәлім (1447-1512) 1517 жылы Мысырдағы мәмлүктердің мемлекетін жояды. Өзінің қатал саясаты үшін ол «Жауыз» атанды. Сол жылы Жауыз Сұлтан Сәлім өзіне «Халиф» атағын алады. Енді бұл атақ келесі османлы сұлтандарының да атағы болады. Осылайша Ұлы Османлы Мемлекеті «Халифат» атанады. I Сәлім өзінің бар-жоғы 8 жылдық (1512-1520) билік жүргізген заманында Күрдістанды, Шамды, Мысырды, Алжирді, Мекке мен Мединені жаулап алды.

I Сүлеймен (1494-1566) 1526 жылы Мохач шайқасында 55-60 мыңдық әскерімен мажарлар мен чехтердің 38-41 мыңдық әскерін толығымен жеңеді. Соғыс барысында Мажарстан мен Аустрияның патшасы II Лайош батпаққа батып мерт болады. Соғыстың нәтижесінде османлылардың Еуропадағы беделі артты. I Сүлеймен өзінің 46 жылдық (1520-1566) билік жүргізген заманында Славонияны, Мажарстанды, Молдованы, Иракты, Бахрейнді, Ливияны, Тунисті, Босния және Герцеговинаны жаулап алды. I Сүлейменнің тұсында османлылардың қуаты шарықтауының шыңына жетті. Сұлтан 7 қыркүйек 1566 жылы Сигетвар шайқасында қаза табады. Бірнеше аптадан кейін оны Сүлеймение мешітінде жерлейді.

II Сәлімнің (1524-1574) тұсында османлылар Кипр аралы мен Арабия түбегін толығымен жаулады.

III Мұрат (1546-1595) өз сұлтандығының басында сефевидтерге қарсы жорыққа шығып, нәтижесінде 1579 жылы Грузия мен Әзірбайжанды, ал 1580 жылы Каспий теңізінің оңтүстік-батыс жағалауын жаулап алды. 1590 жылы Константиние келісімі бойынша Ұлы Османлы Мемлекетіне Тебриз, Күнгей Кавказ, Күрдістан, Луристан және Хузестан қарады.

III Мехмет (1568-1603) 1596 жылы Мажарстанға жорық жасады. Хачова шайқасында 100-мыңдық османлы әскері 90-мыңдық габсбург әскерін талқандады. Османлылар аустриялық артиллерияны жойып, Мажарстанның көптеген бекіністерін өзіне қаратты.

III Мехметтен кейін Ұлы Османлы Мемлекеті тоқырау кезенін бастан кешті. I Ахметтен (1590-1617) VI Мехметке (1861-1926) дейінгі сұлтандар елдің ыдырауын тоқтата алмады. Сұлтандардың көбі мемлекеттік істерге араласпай, өздерінің гаремдерінде көңіл көтеріп, араққа салынды. Нағыз билік көбінесе сұлтандардың садрағзамдары, күңдері мен әтектеріне тиесілі болды. Олар билік үшін тартыста бір-бірін аямай, қастық ойлап, сұлтандарға қарсы қойып, өлім жазасына кестірткізіп, билікке жетіп жүрді.

VI Мехмет 1922 жылы тақтан безіп, елден біржолата кетеді. Осылайша Ұлы Османлы Мемлекетінің тарихы аяқталады, ал жаңа түріктердің тарихы басталады. 1923 жылдың 29 қазанында халифаттың басты ізбасары Түркия Республикасы құрылды.

Османлы сұлтандарының тізімі

өңдеу
ЕсіміСуретіТаққа отырған күніТақтан кеткен күніТұғрасы
Құрылу дәуірі
(27 шілде 129920 шілде 1402)
1Қара I Осман
түр. Kara I. Osman
27 шілде 12991 тамыз 1326
[c]
2Жеңімпаз Орхан
түр. Gazi Orhan
1 тамыз 1326мамыр 1362
3Құдайшыл I Мұрат
түр. Hüdavendigâr I. Murat
мамыр 136228 маусым 1389
4Шапшаң I Баязит
түр. Yıldırım I. Bayezit
28 маусым 138920 шілде 1402
Сұлтанаралық дәуірі
(20 шілде 14025 шілде 1413)
Сүлеймен сұлтан
Румелияның 1-ші сұлтаны
20 шілде 140217 ақпан 1411
Мұса сұлтан
Румелияның 2-ші сұлтаны
18 ақпан 14115 шілде 1413
Иса сұлтан
Батыс Анадолы сұлтаны
14031406
Мехмет сұлтан
Шығыс Анадолы сұлтаны
14031406
Мехмет сұлтан
Анадолы сұлтаны
14065 шілде 1413
Өркендеу дәуірі
(5 шілде 141329 мамыр 1453)
5Мәртебелі I Мехмет
түр. Çelebi I. Mehmet
5 шілде 141326 мамыр 1421
6Қожа II Мұрат
түр. Koca II. Murat
25 маусым 14211444
7II Мехмет 14441446
Қожа II Мұрат
түр. Koca II. Murat
14463 ақпан 1451
Даму дәуірі
(29 мамыр 145311 қазан 1579)
Жаулаушы II Мехмет
түр. Fâtih II. Mehmet
3 ақпан 14513 мамыр 1481
8Әулие II Баязит
түр. Velî II. Bayezit
19 мамыр 148125 сәуір 1512
9Жауыз I Сәлім
түр. Yavuz I. Selim
25 сәуір 151221 қыркүйек 1520
10Заңшы I Сүлеймен
түр. Kanûnî I. Süleyman
30 қыркүйек 15207 қыркүйек 1566
11Сары II Сәлім
түр. Sarı II. Selim
29 қыркүйек 156621 желтоқсан 1574
Тоқырау дәуірі
(11 қазан 157926 қаңтар 1699)
12Бұзық III Мұрат
түр. Sefih III. Murat
22 желтоқсан 157416 қаңтар 1595
13Әділ III Мехмет
(түр. Adlî III. Mehmet)
27 қаңтар 159521 желтоқсан 1603
14Бақытты I Ахмет
түр. Bahtî I. Ahmet
21 желтоқсан 160322 қараша 1617
15Телі I Мұстафа
түр. Deli I. Mustafa
22 қараша 161726 ақпан 1618
16Кенже II Осман
түр. Genç II. Osman
26 ақпан 161819 мамыр 1622
Телі I Мұстафа
түр. Deli I. Mustafa
20 мамыр 162210 қыркүйек 1623
17Бағдат жаулаушысы IV Мұрат
түр. Bağdat Fatihi IV. Murat
10 қыркүйек 16239 ақпан 1640
18Ашушаң Ибраһим
түр. Asabî İbrahim
9 ақпан 16408 тамыз 1648
19Аңшы IV Мехмет
түр. Avcı IV. Mehmet
8 тамыз 16488 қараша 1687
20Жеңімпаз II Сүлеймен
түр. Gazi II. Süleyman
8 қараша 168722 маусым 1691
21Жеңімпаз II Ахмет
түр. Gazi II. Ahmet
22 маусым 16916 ақпан 1695
Әлсіреу дәуірі
(26 қаңтар 169910 қаңтар 1792)
22Жеңімпаз II Мұстафа
түр. Gazi II. Mustafa
6 ақпан 169522 тамыз 1703
23Лала дәуірі сұлтаны III Ахмет
түр. Lala Devri Sultanı III. Ahmet
22 тамыз 17032 қазан 1730
24Бүкір I Махмұт
түр. Kambur I. Mahmut
2 қазан 173013 желтоқсан 1754
25Сопы III Осман
түр. Sofu III. Osman
13 желтоқсан 175430 қазан 1757
26Алғашқы жаңартпашы III Мұстафа
(түр. İlk Yenilikçi III. Mustafa)
30 қазан 175721 қаңтар 1774
27Жаңартпашы I Әбділхамит
түр. Islâhatçı I. Abdülhamid
21 қаңтар 17747 сәуір 1789
Ыдырау дәуірі
(10 қаңтар 17921 қараша 1922)
28Низами III Сәлім
түр. Nizâmî III. Selim
7 сәуір 178929 мамыр 1807
29Телі IV Мұстафа
түр. Deli IV. Mustafa
29 мамыр 180728 шілде 1808
30Жаңартпашы II Махмұт
түр. İnkılâpçı II. Mahmut
28 шілде 18081 шілде 1839
31Танзиматшы I Әбділмәжит
түр. Tanzimâtçı I. Abdülmecid
1 шілде 183925 маусым 1861
32Бақытсыз Әбділғазиз
түр. Bahtsız Abdülaziz
25 маусым 186130 мамыр 1876
33Телі V Мұрат
түр. Deli V. Murat
30 мамыр 187631 тамыз 1876
34Ұлы II Әбділхамит
түр. Ulu II. Abdülhamid
31 тамыз 187627 сәуір 1909
35Парасатты V Мехмет
түр. Reşâd V. Mehmet
27 сәуір 19093 шілде 1918
36Дінбіріктіруші VI Мехмет
түр. Vahideddin VI. Mehmet
4 шілде 191817 қараша 1922
Республикалық халифат
(18 қараша 19223 мамыр 1924)
Соңғы халиф II Әбділмәжит
түр. Son Halife II. Abdülmecit
18 қараша 19223 наурыз 1924
[c]

Тағы қараңыз

өңдеу

Библиография

өңдеу