Дәсердей

Бұл сөз бірде — шаттану, масаттану, кейде — дандайсу, асқақтау мағыналарында айтылады. «Дәсерсіп шектен шықсаң, даңқтың өзі аяусыз жазалайды...» (С. Сейітов, Жаңғырық).

Қазақ тіліне араб, парсы тілінен ауысқан сөздер туралы жазған Н. Ондасынов, Е. Бекмұхаметов кітаптарында көрсетілген сөзді кездестіре алмадық. Солай бола тұрса да, «дәсердейдің» алғашқы шыққан төркіні араб тілі екендігін байқаймыз. Арабша: дасир — байлық, молшылық мағыналарын береді. Асқақтау, дандайсу байлықтың нәтижесінен туатынын сезінсек, сөз төркіні араб тілі екендігіне дау айту қиын. Араб тілінен ауысқан бұл сөзге қазақ тіліндегі сын есім жұрнағы қосылып, байға тән іс-қимыл көрсететін адамға қолданылатын болған. Демек, дәсир + дай дасир + дай => дәсердей тұлғасына дейін өзгеріп, «бай сияқты», «байдай» деген ұғымға иелік еткен.[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыҚазақстанШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыБасты бетҒылыми-техникалық революцияҰлы Жібек жолыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануСемей полигоныБесеудің хатыЖалпы ішкі өнімЫбырай АлтынсаринҚазақстанның экологиялық проблемаларыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыЭкологиялық жүйеСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыХалықаралық ұйымдарҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыЖалпы Ұлттық ӨнімҚазақстанның сыртқы саясатыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыБіріккен Ұлттар ҰйымыБактерияларНұрдәулет Игілікұлы ҚилыбайДамушы елдерҚаныш Имантайұлы СәтбаевЕкінші дүниежүзілік соғысДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруЭкологиялық проблемаПопуляцияВирустарТұқым қуалайтын өзгергіштікҚожа Ахмет Ясауи кесенесіАрнайы:ІздеуҚазақстан экономикасы