Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай

Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай - 1978 жылы 10 сәуірде Маңғыстау облысы Бейнеу кентінде туған. Ұлты қазақ. Әкесі - Қилыбай Игілік, теміржолшы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бөлімінің бастығы. Анасы - Қуанышбек Венера, зейнеткер, сауда саласында жумыс істеген. Алматы теміржол көлігінің инженерлері институтын (1999) «Теміржол көлігі бойынша тасымалды ұйымдастыру инженері» мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2003) «Қаржы және қаржылық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан).1999 жылдан - «Қазақстан темір жолы» ¥К» АҚ Атыраутасымалдау бөлімшесі стансасында кезекші; 2000 жылдан - «Астана» стансасының кірме жолдар бойынша жүктерді қабылдаушы-тапсырушысы, аға қабылдаушы тапсырушысы, 2002 жылдан - магистраль желісі дирекциясының техникалық басқару технологиялық үдерістеріқауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, бастығы. 2005 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік жәнежол қатынастары комитетінің Экономика жене тарифтік саясат басқармасы талдау және бюджеттік болжау бөлімінің бастығы, басқарма бастығы, төрағасының орынбасары 2009 жылдан - «Вокзал Сервис» АҚ президенті, «Қазақ;іпнтемір жолы» ҰК» АҚ басқарушы директоры.2010 жылдың қарашасынан бері - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және жол қатынастары комитетінің төрағасы. «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен (2006), ҚК 2-ші дәрежелі «Қайсар» (2000), «құрметті теміржолшы» (2008) белгілерімен; ҚР Көлік және коммуникация министірінің алғыс хатымен марапатталған. Әскери атағы - сержант. Хоббиі - спорт, халықты әлеуметтік жағынан қолдау. Үйленген. Жұбайы - Мұратбаева Баян Мұрлыбекқызы, мамандығы - гинеколог дәрігер. Ұлдары - Игілік Ерасыл, Игілік Нұрасыл Нұрдәулетұлы.[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2