Дальтонизм

Дальтонизм (түсті ажыратпаушылық) — көздің көру қабілетініңбұзылуы нәтижесінде түсті ажырата алмаушылық. Түсті бірқалыпты сезетін адам негізгіүш түсті (қызыл, жасыл және көк) қабылдайалады (Көру мақаласын қараңыз). Дальтонизмге шалдыққан адамның қызыл жәнежасыл түстерді сезінуі төмендейді немесемүлде жойылады, соның салдарынан айналадағы әлемнің түрлі-түсті көріністерін терісқабылдайды. Көк түске сезімталдықтың кемуіөте сирек байқалады. Түсті мүлде айыраалмаушылықты түс танымау деп атайды;мұндайда айналадағы барлық заттар қара-ақреңді болып қабылданады.

Дальтонизм туа біткен және жүре біткенболып бөлінеді. Туа біткен дальтонизм ерлерде тұқым қуалайды. Жүре біткен дальтонизмкөздің немесе орталық жүйке жүйесінің ауруғашалдығуынан болады, сондықтан түсті ажырата алмау белгісі байқалған жағдайда дереукөз дәрігеріне қаралған жөн. Дальтонизмдетағы бір ескеретін жайт: түс айыру кемістікұзақ уақыт бойына сол ауру адамның өзінеде, оның маңайындағыларға да байқалмауымүмкін. Дальтонизмге шалдыққан адамдардабірте-бірте түстің ашықтығына қарай ажырата білу қабілеті пайда болады. Адамдардыңтүсті ажырата білуін тексеріп отырудың практикалық, әсіресе кәсіптік тұрғыдан айрықшамаңызы бар. Өйткені түсті дұрыс ажыратабілмеу бақытсыз жағдайға ұшыратуы мүмкін.[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9