Көк – иі қанбаған,шылғи қайыстан тілінген таспа. Оны, көбінесе, ірі қараның (өгіз, түйе) жон терісінен дайындайды. Мұндай мықты Көкті кереге сағанағын бір-бірімен тізіп бекіту үшін қолданады. Ол үшін Көк қайыс ұшын жарып тіледі де, оған жіңішке таспаланып тілінген екінші ұшын өткізіп, тесілген 2 сағынан көздерге өткізіп, арғы ұшын тұйықтап түйіп, кепілдеп тастайды. Көк кепкен соң қатайып берік болады. Кереге торларының биіктігін сол Көктермен есептейді. Көкке кей жерлерде түгі жидітілген жылқы терісін де қолданады. Кезінде Көкпен батырлар сауытын, ат кежімі, қалқан қатарлы қару-жарақ бөлшектерін қосып, өзара берік ұстастырған.

Дереккөздер өңдеу

Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том


🔥 Top keywords: Басты бетҚазақ хандығыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күніҚазақстан мемлекеттік рәміздеріЖүсіпбек АймауытовҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныАбай ҚұнанбайұлыБеғазы-Дәндібай мәдениетіАрнайы:ІздеуАлаш партиясыДоктринаШоқан Шыңғысұлы УәлихановТүрік қағанатыҚазақстанАрифметикалық прогрессияАхмет БайтұрсынұлыМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚазақша жыл санауАбай жолы (роман)СақтарАқ Орда (мемлекет)ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыЫбырай АлтынсаринБұрыштың радиандық өлшеміҰлы Жібек жолыҚазақ хандарыОрталық АзияАлланың есімдеріҒұндарҮйсін мемлекетіКүнделік.кзҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіЖәдидшілдікКөмірсуларҚазақстан туыҒұндар мемлекетіАқпараттық қауіпсіздікЖасуша