Венсан Компани

Венсан Жан Мпуа Компани (фр. Vincent Jean Mpoy Kompany; 10 сәуір 1986, Уккел, Брабант) — бельгиялық футболшы, қорғаушы. 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Венсан Компани Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

10 сәуір 1986 (1986-04-10) (38 жас)

Туған жері

Уккел, Бельгия

Азаматтығы

Бельгия

Бойы

193[1]

Салмағы

85

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Бельгия Андерлехт

Қызметі

БАС бапкер

Клуб карьерасы[* 1]
2003—2006Бельгия Андерлехт73 (5)
2006—2008Германия Гамбург29 (1)
2008—2019Англия Манчестер Сити265 (18)
2019—2020Бельгия Андерлехт15 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
2004—2020 Бельгия89 (4)
Бапкерлік карьерасы
2019Бельгия Андерлехто.б[2]
2020—Бельгия Андерлехт
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Карьерасы өңдеу

"Андерлехт" клубының түлегі. 2003 жылы 17 жасында кәсіпқой карьерасын бастады. 2003/04 жылғы маусымда Бельгия чемпионатының үздік жас футболшысы атанды.

2006 жылы "Гамбургке" ауысты. 2006/07 жылғы маусымда алты кездесуде ғана алаңға шықты, көбірек ойнауға жарақаты кедергі болды.

2007/08 жылғы маусымды жақсы өткізді де, оған Еуропаның атақты клубтары көз сала бастады. 2008 жылы тамыз ауында "Манчестер Сити"қатарын толықтырды. Англиялық клуб сапында 11 маусым үздіксіз ойнап, 12 жүлденің иесі атанды.

2019 жылы мамыр айында туған клубы "Андерлехтіге" оралып, ойыншы бапкер қызметін атқара бастады.

Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2004 жылы алаңға шықты. 2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына, 2014, 2018 жылдары әлем чемпионаттарына қатысты.

Жетістіктері өңдеу

Командалық

Андерлехт

  • Бельгия чемпионы (2): 2003/04, 2005/06

Гамбург

  • Интертото кубогы (1): 2007

Манчестер Сити

  • Англия чемпионы (4): 2011/12, 2013/14, 2017/18, 2018/19
  • Англия кубогы (2): 2011, 2019
  • Англия суперкубогы (2): 2012, 2018
  • Англия лига кубогы (4): 2013/14, 2015/16, 2017/18, 2018/19

Жеке

  • Бельгияның үздік жас футболшысы: 2004, 2005
  • Бельгияның жыл футболшысы: 2004
  • Премьер-лиганың үздік футболшысы: 2011/12
  • «Манчестер Ситидің» жыл футболшысы: 2010/11

Ескертпелер өңдеу

Сілтемелер өңдеу