Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 236 623 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй
Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология
Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
Ортаққор Ашық файлдар қоры | Уикисөздік Ашық сөздікқор | ||||
Уикидерек Ашық дерек базасы | Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры | ||||
Уикихабар Ашық жаңалықтар | Уикидәйек Дәйексөз жинағы | ||||
Уикиқайнар Ашық кітапхана | Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі | ||||
Уикисабақ Білім қоры | Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы | ||||
MetaWiki Жобаларды үйлестіру | МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама |
Білгенге маржан
- Пималар — солтүстікте, ал чулуптар оңтүстікте тұрады.
- Балтық тізбегін құру үшін төрт миллионға жуық қолдың ұстасып тұруы қажет болды.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
- Ақылы ұшу сабақтарына қатыса алу үшін бұл әйел музыкант, фотограф, мұғалім, хатшы, телефон операторы, автомеханик болып жұмыс істеді.
- Үндістер ойлап тапқан командалық ойын бір ғасырлық үзілістен кейін Олимпиадаға оралады.
- Қазақстанда 27 моноқала бар.
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Израиль−Хамас соғысы • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы) • Қазақстандағы су тасқыны • Құлсарыдағы наразылық
- 18 мамыр — Грузия президенті Саломе Зурабишвили «шетелдік агенттер» туралы заңға вето салды.
- 15 мамыр — Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға (суретте) қастандық жасалды.
- 14 мамыр — Сергей Шойгудың орнына Ресей қорғаныс министрі болып Андрей Белоусов тағайындалды.
- 13 мамыр — Жаңа Каледонияда конституцияға түзетулер енгізілгеннен кейін жаппай наразылықтар басталды.
- 13 мамыр — Қазақстанның бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталды.
- 11 мамыр — Швейцариялық әнші Nemo Eurovision 2024 ән байқауында «The Code» әнімен жеңіске жетті.
19 мамыр
Мейрамдар
Оқиғалар
Дүниеге келгендер
- 1989 жыл — Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон олимпиядасының күміс жүлдегері
- 1925 жыл — Малькольм Икс, афроамерикандық мұсылмандардың көшбасшысы
Қайтыс болғандар
Мамыр айына ортақ жұмыс
Барлық қатысушыларды мына мақаланы толықтыруға шақырамыз:
Климаттың өзгеруі
Сондай-ақ cіз келесі мақалаларды аудару арқылы Уикипедияға көмектесе аласыз;
Аударылмаған мақалалар саны: 6
Машиналық аудармалар саны: 55
Біріктіруге ұсынылған мақалалар: 428