Өндіріс

 Басқа мағыналар үшін Өндіріс (айрық) деген бетті қараңыз.

Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:

  • сол өнімді дайындайтын табиғи зат
  • өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
  • адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
  • аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы

Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше - жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.

Өндіріс түрі өңдеу

Өндіріс түрі (үлгісі) - өнім номенклатурасы, жүйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айкындалатын, өндірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).

Жаппай өндіріс өңдеу

Жаппай өндіріс - ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс.

Өндірістік қуаттылық өңдеу

Өндірістік қуаттылық - уақыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең үлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі.

Өндірістік процесс өңдеу

Өндірістік процесс (іс- амал) - осы өндірісте өнімдерді шығару мен өңдеуге қажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы.[1]

Өндіріс қорлары өңдеу

Өндіріс қорлары - өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.

Өндірісті қайта құру өңдеу

Өндірісті қайта құру - өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау.[2]

Дереккөздер өңдеу

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Aрын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.ISBN 9965-08-234-0
  2. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.


🔥 Top keywords: Шоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыСырым ДатұлыЫбырай АлтынсаринБауыржан МомышұлыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстанБасты бетҰлы Отан соғысыСарматтарМәңгілік бала бейнеСемей полигоныАхмет БайтұрсынұлыҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақстанның экологиялық проблемаларыӘлкей Хақанұлы МарғұланЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚызыл кітапКүнделік.кзХалықаралық ұйымдарМұнайҚазақстан географиясыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерОтан қорғаушы күні (Қазақстан)Арнайы:ІздеуӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚытайТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровШәкәрім ҚұдайбердіұлыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЭкологиялық жүйеСақтарҚазақстанның сыртқы саясатыТуризмСын есімКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҒаламдық экологиялық проблемалар