Әбілхайыр ханның тарихы

("Әбілхайыр ханның тарихы") — парсы тілінде жазылған тарихи шығарма. Оны Масуд ибн Осман Кухистани 1540— 51 ж. Әбу әл-Лати ханның тапсыруымен жазған. Онда Әбілхайыр ханның Көшпелі өзбек мемлекетінің (қ. Әбілхайыр хандығы) негізін қалауы жайлы әңгімеленді. Еңбекті жазу барысында автор Жувейнидің, Жүзжанидің, Шараф ад-Дин Әли Йездидің, Абд әр-Разақ Самарқандидің тарихи шығармаларын пайдаланған. Шығарма кіріспе мен 12 тараудан және қорытындыдан тұрады. Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, ол 15 ғасырдағы Шығыс Дешті Қыпшақ өзбектерінің тарихын баяндайтын бірден-бір еңбек. Онда Әбілхайыр ханның таққа отырар алдындағы тарихы, бұлікшіл өмірлердің одан бұрынғы билеуші Жұмадүк ханды талқандауы, т.б. жайлар сөз болады. Әбілхайырдың Махмұдқожа, Мұстафа хандармен, бауырлары Ахмет, Махмуд ханмен соғыстары баяндалады. Шығармада қазақ даласының 15 ғасырдың 2-ширегінде саяси бытыраңқылықта болғаны айтылады. Сондай-ақ Орта Азия мен Темір әулеті арасындағы қарым-қатынастарға едәуір орын берілген.[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм