Холдинг

Холдинг (ағылш. holdіng — иеленуші) — тәуелді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания‚ заңды тұлға. Холдинг осы бақылау пакеттері арқылы олардың қаржы-шаруашылық қызметіне‚ кадрлар құрамына‚ қаржы тасқынын бөлуге елеулі ықпал жасайды. Концерннен өзгеше түрде Холдингте мүшелердің арасында бәсекелестік болады. Түрлері: таза Холдинг — фирманың негізгі 100%-дық қызметі қаржы қызметінің алуан түрлі салаларына қатысты (бағалы қағаздарды сатып алу-сату‚ еншілес фирмалардың ақша тасқынын үйлестіру‚ несиелермен және қарыздармен операциялар жасау)‚ оның меншікті өндірісі болмайды; аралас Холдинг қаржы қызметінен басқа өндірістік қызметті де жүзеге асырады.

[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеШоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыБауыржан МомышұлыҚазақстанҚазақстан географиясыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыСырым ДатұлыҚазақстандағы туризмПопуляцияТүр түзілуБасты бетДамушы елдерҚаныш Имантайұлы СәтбаевШәкәрім ҚұдайбердіұлыҒылыми-техникалық революцияҚазақстанның экологиялық проблемаларыЭкологиялық жүйеСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыХалықаралық ұйымдарСемей полигоныБактерияларТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҰлы Жібек жолыБіріккен Ұлттар ҰйымыЫбырай АлтынсаринТуризмБайқоңыр (ғарыш айлағы)Ұлы Отан соғысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАрнайы:ІздеуЭкологиялық проблемаГендік инженерияҚазақстанның сыртқы саясатыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіМұхитқа шыға алмайтын елдерСарматтар