Пәтуа (консенсус; лат. consensus — келісу, бірауыздылық)—

  • 1) даулы мәселелер бойынша дауысқа салмай келіссөз барысында ортақ келісімге келу. Оқу-білім мекемелерін басқару процесінде шешім қабылдаудың бір амалы;
  • 2) белгілі бір іс жөніндегі бітім, тоқтам, келісім; ислам дінінде шариғат бойынша керекті мәселе, іс жөнінде дін басы муфтидің, бас қазының шығарған қарары, шешімі, тоқтамы, қорытындысы. Мұсылмандар үшін пәтуа — бұлжытпай сөзсіз орындалуға тиісті заң, міндет, парыз. Пәтуа, әдетте, қағида, ереже, нұсқау түрінде жазылып, мұсылмандарға жария етіліп, таратылып отырған.[1][2]

Пәтуаның негізгі қызметі ел ішіндегі түйткілді мәселелерді ұрыс-жанжалсыз, ушықтырмай шешу болып табылады.[3]

Дереккөздер өңдеу

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
  3. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 77-бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм