Халықаралық ұйымдар

Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады.

Халықаралық ұйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жұмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жұмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық ұйым -1874 ж. қүрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы қүрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді.XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық ұйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық ұйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді.

Олар:

Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке тұлғаларды біріктіреді, үкіметаралық ұйымдарға қарағанда, халықаралық құқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары: *Парламент аралық одақ (1889),

Дереккөздер өңдеу

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыШоқан Шыңғысұлы УәлихановҚазақстанҚазақстан географиясыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыБауыржан МомышұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануҒылыми-техникалық революцияБасты бетСемей полигоныПопуляцияМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДамушы елдерҚазақстанның экологиялық проблемаларыҚазақстандағы туризмСырым ДатұлыХалықаралық ұйымдарТүр түзілуБіріккен Ұлттар ҰйымыБайқоңыр (ғарыш айлағы)Экологиялық жүйеБактерияларЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыҚазақстанның сыртқы саясатыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруҚаныш Имантайұлы СәтбаевҰлы Жібек жолыШәкәрім ҚұдайбердіұлыЫбырай АлтынсаринТуризмҰлы Отан соғысыЭкологиялық проблемаМұхитқа шыға алмайтын елдерВирустар