Тұманатмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы. Су буының сублимациясы нәтижесінде қалыптасады. Тұмандағы көріну қашықтығы оны құраушы түйіршік мөлшеріне және бірлік көлемдегі су жиынтығының шамасына байланысты. Тұман тамшыларының радиусы 1-ден 6 мкм-ге (кейде 5 – 15 мкм) дейін, су жиынтығының мөлш. 0,05 – 0,1 г/м3-ден аспайды.

Туман
Туман
Туман

Физикалық генезис бойынша тұман суыну тұманы және булану тұманы; пайда болуының синоптиктик жағдайына қарай: массаішілік және шептік тұман болып ажыратылады. Суыну тұманы өз кезегінде жер бетінің радиациялық сууы нәтижесінде пайда болатын радиациялық тұман және жылы ылғалды ауаның құрлық немесе су үстінде сууынан пайда болатын адвективті тұман болып бөлінеді. Тұман көлік қатынасына үлкен бөгет жасайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында, химиялық өндірісте, жылу техникасында, әскери істе жасанды тұман пайдаланылады.[1][2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0