Торғай қақпасы

Торғай қақпасыТорғай үстірті мен Сарыарқа, Торғай қолаты және ОбағанҚұсмұрын, ТорғайСарықопа аралығындағы табиғи аңғарлық бұғаз (өткел) немесе қақпа.

Торғай қақпасы
Сипаттамасы
Ені20 км
Орналасуы
52°23′23″ с. е. 64°14′27″ ш. б. / 52.38972° с. е. 64.24083° ш. б. / 52.38972; 64.24083 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°23′23″ с. е. 64°14′27″ ш. б. / 52.38972° с. е. 64.24083° ш. б. / 52.38972; 64.24083 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚостанай облысы
АуданСарыкөл ауданы
Торғай қақпасы (Қазақстан)
Торғай қақпасы
Торғай қақпасы (Қостанай облысы)
Торғай қақпасы

Географиялық орны

өңдеу

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы аумағында орналасқан.

Жер бедері мен қалыптасуы

өңдеу

Торғай қолатының орталық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ені 15 – 20 км. Теңіз деңгейінен 100 м биіктікте. Батыс Сібір ойпатын Торғай ойпатымен байланыстырады. Оның бұғаз деп аталуының себебі мыңдаған жылдар бұрын бұл жерде ежелгі Арал-Каспий теңізі бассейні сол кезде Батыс Сібір ойпатының орнында болған теңіз бассейнімен байланысқан. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша Торғай қақпасы Торғай, Обаған өзендері бастауларының бір-бірімен Сарыөзен арқылы жалғасуына байланысты қалыптасқан.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том