Географиялық координаттар


Географиялық координаттар (лат. со – бірге, ordinatus – реттелген) — жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер.[1] Олар географиялық ендік және географиялық бойлық болып ажыратылады. Географиялық ендік жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенеді.

Бойлық сызықтар перпендикуляр, ал ендік сызықтар экваторға параллель.

Бастапқы (нөлдік немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық келісім бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан алынған. Географиялық ендік экватордан 0°-тан басталып солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 90°-қа дейін өзгереді.

Солтүстік жарты шарда – оң, оңтүстік жарты шарда – теріс болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридиандағы 0°-тан басталып 360°-қа дейін өзгереді. Ол шығысқа немесе батысқа қарай өлшенуіне сәйкес, шығыстық немесе батыстық бойлық деп аталады. Бойлықтың 0°-тан 180°-қа дейінгі санау әдістері де қолданылады. Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш аспаптардың көмегімен (теодолит, секстант, т.б.), астрономиялық бақылаулар арқылы анықталады.

Дереккөздер өңдеу

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
🔥 Top keywords: Шоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыСырым ДатұлыЫбырай АлтынсаринБауыржан МомышұлыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстанБасты бетҰлы Отан соғысыСарматтарМәңгілік бала бейнеСемей полигоныАхмет БайтұрсынұлыҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақстанның экологиялық проблемаларыӘлкей Хақанұлы МарғұланЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚызыл кітапКүнделік.кзХалықаралық ұйымдарМұнайҚазақстан географиясыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерОтан қорғаушы күні (Қазақстан)Арнайы:ІздеуӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚытайТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровШәкәрім ҚұдайбердіұлыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЭкологиялық жүйеСақтарҚазақстанның сыртқы саясатыТуризмСын есімКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҒаламдық экологиялық проблемалар