Тейлор Момсен

Те́йлор Мише́ль Мо́мсен (ағылш. Taylor Momsen; туды: 26 шілде, 1993, Сент-Луис, Миссури, АҚШ) — Американың актрисасы, рок-әншісі, гитарист және фотомодель. The Pretty Reckless тобының әншісі.

Тейлор Момсен
Сурет
Негізгі ақпарат
Туған кездегі есімі

Тейлор Мишель Момсен

Туған күні

шілденің 26 (1993—07—26) (30 жас)
Сент-Луис, Миссури, АҚШ

Белсенділік жылдары

1996 — қазіргі кезі

Мемлекет

АҚШ

Мамандықтары

Әнші, гитарист, фотомодель, актриса, композитор

Аспаптары

Гитара, Бас

Жанрлары

рок, альтернативті рок

Ұжымдары

The Pretty Reckless

http://goingtohell.me/hell/

Өмірбаяны өңдеу

Тейлор 1993 ж. 26 шілдеде Сент-Луисте дүниеге келген. Отбасында орыстар бар.[1] Оның кіші сіңілісі бар: Слоун Момсен (20 желтоқсан, 1996).[2] Өз карьерасын 3 жастан бастап, "Shake N' Bake" жарнамасына түскен. Алғаш маңызды рөлі Дэнис Хоппермен бірге "The Prophet's Game" фильмде болған. 2000 ж. Джим Керримен бірге "How the Grinch Stole Christmas" фильміне қатысқан. 2002 ж. "Гензель және Гретель" фильмде Гретель боп, "Spy Kids 2: The Island of Lost Dreams" және "We Were Soldiers" фильмдеріне түскен.

Келесі 3 жыл бойы Момсен кино түсіруге қатыспаған. Тек 2006 жылдан кейін, ол "Misconceptions", "Saving Shiloh", "Paranoid Park", "Underdog" фильмдеріне қатысқан. Сонымен қатар, Тейлор Ханна Монтана рөліне сыналып көрген. 2008 ж. "Spy School" фильмінде түскен. Сол жылы 14 жасында IMG Models модель агенттігінің контрактына қол қойды. Момсен Мадоннаның Material Girl киім маркасын әлемге таңыстырған. 2008 ж. кейін Тейлор өз уақытын музыкаға көптеп арнаған болатын. Оның өз рок-тобы бар. Бұл - The Pretty Reckless. Осы топта ол әнші, гитарист және композитор рөлін атқарады. 2009 ж. мамыр мен маусым арасында Тейлор өз тобымен бірге гострольдық турда болған.

2010 ж. The Pretty Reckless тобының "Make Me Wanna Die" өлеңі "Kick-Ass" фильмнің саундтрегі болған. Жазда жас әнші "Miss Nothing" өлеңіне өз алғаш клипін шығарып, жаз бойы турға қатысқан. Сонымен қатар, ол "Vans Warped Tour 2010" турына да қатысқан болатын.

2010 ж. 15 шілде күні Тейлор Момсен әлемге Мадонна және оның қызы Лурдестің жаңа киім коллекциясы Material Girl әлемге таңыстырады деп, жарияланған.[3]

2011 ж. 16 тамызда Тейлор Момсен музыкамен шұғылдану үшін, өз актриса карьерасын бітіуін жариялаған. Ол Мэрилин Мэнсон "Hey, Cruel World" турына қатысқан, концерттерінің басында ойнаған болатын. Сонымен қатар, ол Golden Awards кезінде Мэрилин Мэнсонмен бірге "The Dope Show" өлеңін орындаған.[4]

Фильмографиясы өңдеу

ЖылАғылшын атыРөл
1998Early EditionЭлли
1999The Prophet's GameСвэн
2000How the Grinch Stole ChristmasСинди Лу Кто
2002We Were SoldiersДжули Мур
2002Hansel & GretelГретель
2002Spy Kids 2: The Island of Lost DreamsАлександра
2006MisconceptionsХоппер Уотсон
2006Saving ShilohСаманта Уоллас
2007Paranoid ParkДженнифер
2007UnderdogМолли
2008Spy SchoolМэдисон Крамер
2007-2012Gossip girlДженни Хамфри

Дискографиясы өңдеу

Студиялық альбомдары өңдеу

  • Light Me Up (2010)
  • Going To Hell (2014)

Мини-альбомдары өңдеу

  • The Pretty Reckless EP (2010)
  • Hit Me Like a Man EP (2012)

Синглдері өңдеу

  • «Make Me Wanna Die» (2010)
  • «Miss Nothing» (2010)
  • «Just Tonight» (2010)
  • «You» (2012)
  • «Kill Me» (2012)
  • «Going to Hell» (2013)
  • «Heaven Knows» (2013)

Дереккөздер өңдеу

  1. http://www.tatler.ru/nashi_lyudi/interview_and_photo_set_21/41545_teylor_momsen_intervyu_dlya_tatlerru_vah.php#p=41551 Мұрағатталған 26 сәуірдің 2014 жылы.;
  2. http://www.imdb.com/name/nm0973533/
  3. http://www.graziadaily.co.uk/fashion/archive/2010/07/15/taylor-momsen-is-the-face-of-material-girl.htm
  4. https://music.yahoo.com/blogs/stop-the-presses/taylor-momsen-ive-quit-acting.html