Тарбағатай жотасы

ТарбағатайЗайсан және Балқаш-Алакөл қазан шұңқырлары аралығындағы су айрық жота.

Тарбағатай жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Сауыр-Тарбағатай

Пайда болған кезеңі

Палеозой, пермь, тас көмір, девон, силур, кембрий

Ұзындығы

300 км

Ені

30-50 км

Ең биік шыңы

Тастау тауы

Биіктігі

2991 м

Орналасуы

47°11′18″ с. е. 82°27′59″ ш. б. / 47.18833° с. е. 82.46639° ш. б. / 47.18833; 82.46639 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°11′18″ с. е. 82°27′59″ ш. б. / 47.18833° с. е. 82.46639° ш. б. / 47.18833; 82.46639 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы

Тарбағатай жотасы (Қазақстан)
Тарбағатай жотасы
Тарбағатай жотасы (Шығыс Қазақстан облысы)
Тарбағатай жотасы

Географиялық орны

өңдеу

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 2991 м (Тастау). Жота ендік бағытта батыстан шығысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр, ені 30-50 км. Шығысында Сауыр жотасына ұласады.

Геологиялық құрылымы

өңдеу

Палеозойдың шөгінді тақта тас, әк тасынан; пермь, тас көмір, девонның құм тасынан; батыс бөлігі силур және кембрий дәуірінің күшті дислокацияланған вулканогендік интрузиялы гранитінен түзілген. Солтүстік беткейі оңтүстікке қарағанда жатықтау, оңтүстігі тік, шатқалды. Жотадағы палеозойдың әк тастарында карст құбылыстары көп байқалады.

Климаты

өңдеу

Климаты континенттік. Жылдық жауын-шашын 300-500 мм.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

өңдеу

Өсімдік және жануарлар дүниесі жағынан Алтайға ұқсас. Етегіндегі шөлейтте жусанды бетеге, бұта; тау аралық аңғарда тау шалғыны және көк терек, жабайы алма, тобылғы, арша; солтүстік беткейінде тал басым өседі. Марал, тау ешкі, арқар, аю, түлкі, борсық, қарсақ, суыр мекендейді. Жоғарғы бөлігіндегі альпі шалғыны - жазғы жайылым.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ совет энциклопедиясы, 10-том