Сын сағат

1998 фильм Брэд Ратнер

«Сын сағат» (ағылш. Rush Hour) — режиссер Бретт Рэтнердың комедиялық атыс-шабыс фильмі.

Сын сағат
Фильмнің постері
Жанры

комедия
атыс-шабыс

Режиссёрі

Бретт Ратнер

Продюсері

Артур Саркисян
Бретт Ратнер
Джонатан Гликмэн

Сценарийдің авторы

Росс Ла Манна
Джим Коуф

Басты рөлдерде

Джеки Чан
Крис Такер
Кен Люн
Кристофер Пенн

Операторы

Адам Гринберг

Композиторы

Лало Шифрин

Кинокомпания

New Line Cinema
Roger Birnbaum Productions

Дистрибьютор

New Line Cinema, Netflix, Amazon Video и FandangoNow

Ұзақтығы

98 мин.

Бюджеті

$ 33 000 000

Кассалық түсімі

$ 244 386 864

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын тілі

Шыққан жылы

1998

Келесі фильм

Сын сағат 2

IMDb

ID 0120812

Сюжеті өңдеу

Лос-Анджелес қаласындағы қытай елшісінің кішкентай қызы ұрланады. Қылмыскерлер үлкен төлем талап етеді. Әлемдегі үздік ұйымның бірі ФТБ іздеуге ең мықты деген қызметкерлерін аттандырады. Алайда елшінің ойынша, бұл жеткіліксіз және ол өзінің досы Гонконг қаласының инспекторы Лиды (Джеки Чан) іздеу жұмыстарына қосуды сұрайды. ФТБ қызметкерлері өздерін инспектордан мықты санап, қытай полицейі аяққа оралғы болмасын деп оны істен шеттеуге тырысты. Лиге мылжың полицей қызметкері — Джеймс Картерды (Крис Такер) қосып қояды. Картерге берілген тапсырма - Лиды қала ішінде қыдыртып, іске араластырмай алдаусырату болатын. Бұған намыстанған Картер қылмысты өзі ашуға бел буады. Сол үшін ол Лимен бас қоса әрекет жасай бастайды. ФТБ қатты қателескен болатын. Таңғажайып жұп Ли+Картер қаланың бүкіл жартысын қиратса да табысқа қол жеткізеді. Триаданың өкілдері қызды ақшаға айырбастауға ұсыныс білдіреді. Бірақ Ли мен Картер барлығын бүлдіреді. Оларды із кесуден мүлдем шеттетеді. Елші Хан есеп беру кешіне барады. Осы уақытта қызды ұрлаған Джантао елшінің досы - Том екені анықталады.

Рөлдерде өңдеу

АктёрРөл
Джеки Чанинспектор Ли
Крис Такердетектив Джеймс Картер
Том УилкинсонТомас Гриффин / Джантао
Ци Маелші Солон Хан
Кен ЛюнСэнг
Элизабет Пеньядетектив Таня Джонсон
Марк Ролстонарнайы агент ФТБ Уоррен Расс
Рекс ЛиннФТБ агенті Дэн Уитни
Крис ПеннКлайв Кобб
Филип Бэйкер Холлкапитан Уильям Дил
Джулия Сюелшінің қызы Су Янг
Джон ХоуксСтаки
Клифтон ПауэллЛюк
Барри Шабака ХенлиБобби

Түсірілім тобы өңдеу

  • Режиссёрі: Бретт Рэтнер
  • Сценарий авторы: Росс Ла Манна, Джим Кауф
  • Продюсерлер: Артур Саркиссян, Джонатан Гликмэн, Роджер Бирнбаум,
  • Қоюшы продюсер: Джей Стерн
  • Операторы: Адам Гринберг
  • Суретші: Робб Уилсон Кинг
  • Композиторы: Лало Шифрин
  • Монтаж: Марк Хелфрич
  • Костюмдер: Шэрен Дэвис[1][2][3][4]

Гонорарлар өңдеу

  • Джеки Чан - $ 1 500 000
  • Крис Такер - $ 3 000 000

Дереккөздер өңдеу

Тағы қараңыз өңдеу