Скопас — б. э. бұрынғы IV ғ. гректің ұлы мүсіншісі, Парос аралында туған, әкесі мүсінші болған. Шебердің шығармашылық қызметі б. э. бұрынғы 380—330 жж. жатады, ол Аттикада, сондай-ақ Грөкия мен Кіші Азияның көптеген қалаларында жұмыс істеді. Скопас Тегеяда (Пелопоннес) Афина храмын салып, оның фронтондарына санаулы жұрнақтары ғана сақталған мүсіндік композициялар жасады. Б. э. бұрынғы 350 ж. шамасында белгілі мүсіншілер Леохар, Пифей, Тимофей және Браксиспен бірге Скопас атақты Галикарнас Мавзолейін салуға қатысты. Ол шығыс жақ беттегі гректердің амазонкалармен шайқасын бейнелейтін бедерлі фризді жасаған сол (фриздің жекелеген тақталары Британия музейінде тұр.). Ежелгі әдебиетте Скопас сомдаған 25 мәрмәр мүсіннің аты сақталған. Оның өнері драмалық пафосқа толы. Мүсінші жасаған бейнелерде қайсар рухани сезім дүниесі, құштарлық арпалысы ашылады. Рим замайының көшірмелері арқылы «Менада» (Дрезден), «Жас Геракл» (АҚШ), «Мелеагр» (Ватикан мен Медичи вилласы, Рим), сондай-ақ сағынышқа толы тұспал тұлға «Потос» (Дрезден мен Уффици галереясы, Флоренция) мүсіндері сақталған.[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3
🔥 Top keywords: 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановДНҚАхмет БайтұрсынұлыЖүйке жасушаларыАс қорыту жүйесіҚазақстан индустрияландыру кезеңінде1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысПестицидтерҚоректік тізбекАсқорыту мүшелеріҚазақстанның сыртқы саясатыЖелтоқсан көтерілісіҚазақстан экономикасыҚазақ газетіЗәрдің түзілуі және шығарылуыҚазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыруТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыМитозҰлы Жібек жолыӘміре ҚашаубаевШоқан Шыңғысұлы УәлихановМәдени мұраЖасушаТоқырау жылдарындағы ҚазақстанШанхай Ынтымақтастық ҰйымыЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚазақстан Республикасының КонституциясыҚазақстан географиясыҚажымұқан МұңайтпасұлыПлацентаБасты бетЭмбриогенезФерменттерМұстафа ШоқайҚазақстанМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміМіржақып ДулатұлыҰйқы безі