Скандинавия түбегі

Скандинавия түбегіЕуропадағы ең ірі түбек. Түбек аумағына Норвегия, Швеция мемлекеттері түгелімен және Финляндияның солтүстік бөлігі кіреді. Жер аумағы 800 мың км2.

Скандинавия түбегі
Скандинавия түбегі (2003 ж)
Скандинавия түбегі (2003 ж)
Сипаттамасы
Ауданы800 000 км²
Орналасуы
63°00′00″ с. е. 14°00′00″ ш. б. / 63.00000° с. е. 14.00000° ш. б. / 63.00000; 14.00000 (G) (O) (Я)Координаттар: 63°00′00″ с. е. 14°00′00″ ш. б. / 63.00000° с. е. 14.00000° ш. б. / 63.00000; 14.00000 (G) (O) (Я) (T)
Түбекті шаятын акваторияларБаренц теңізі, Норвег теңізі, Солтүстік теңізі, Балтық теңізі
Елдер Норвегия
 Швеция
 Финляндия
Скандинавия түбегі (Еуропа)
Скандинавия түбегі
Скандинавия түбегі Ортаққорда
Ғарыштан көрініс

Жер бедері

өңдеу

Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 1900 км-ге созыла орналасқан, ені 800 км-дей. Баренц, Норвег, Солтүстік, Балтық теңіздерімен (бұғаздармен, шығанақтармен) қоршалған. Құрлықтағы шартты шекарасы Ботния және Варангер-фьорд шығанақтары аралығымен жүргізіледі. Солтүстік және батыс жағалаулары тік құз жартасты, фьордтармен күшті тілімделген. Ірі аралдары мен топаралдары көп. Оңтүстік және шығыс жағалауы жазық келеді. Түбектің басым бөлігін Скандинавия таулары мен Норланд қыраты (биіктігі 800 м) алып жатыр. Скандинавия түбегінің қазіргі жер бедерінің сипаты ежелгі мұз басудан кейін өзгеріске ұшыраған Балтық қалқаны мен каледон қатпарлық құрылымдарына байланысты. Кен байлықтарынан темір, мыс, титан, қорғасын, т.б. өндіріледі.

Климаты

өңдеу

Батыс бөлігінің климаты мұхиттық, шығысқа қарай континенттілік арта түседі. Қаңтар айының орташа температурасы –16оС-тан 2оС-қа дейін, шілденікі 10 – 17оС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400 – 3000 мм. Өзен торы жиі; өзендері негізінен қысқа, мол сулы. Лулеэльвен, Умеэльвен т.б. өзендерде ірі СЭС-тер жұмыс істейді. Көлдерге бай (ең ірілері: Венерн, Меларен, Веттерн).

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

өңдеу

Жерінің 43%-ға жуығын ормандар (тайга, аралас және жалпақ жапырақты), қиыр солтүстігін тундра алып жатыр. Негізінен орман жануарлары (бұлан, түлкі, қоян т.б.), солтүстігінде бұғылар мекендейді. Құз-жартасты жағалауы мен аралдар – құс базары. Теңіздің жағалық бөлігі, өзен-көлдері балыққа (треска, май шабақ) бай.[1]

Дереккөздер

өңдеу