Ресей Сыртқы істер министрлігі

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрілігі (орыс. Министерство иностранных дел Российской Федерации) — Ресейдің сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік мекеме, үкіметке бағынатын министрлік. Қазіргі министрі — Сергей Лавров.

Ресей Сыртқы істер министрлігі
орыс. Министерство иностранных дел Российской Федерации
Жалпы мағлұмат
Құзыреті Ресей
Құрылған уақыты25 қыркүйек 1991 жыл
(қазіргі түрінде)
Оның алдындағы мекемелерКСРО Сыртқы қатынастар министрлігі
Ресей Империясы Сыртқы істер министрлігі
Мекемені басқарадыРесей үкіметі
Штаб-пәтері32/34 Смоленская-Сенная алаңы, Мәскеу
Қызметкерлер саны1545 адам
Жылдық бюджеті42,4 млрд рубль (2012)
МинистріСергей Лавров
Бір мекемеге қарасты органРоссотрудничество
Ресми сайты
mid.ru

Міндеттері өңдеу

Сыртқы істер министрлігі — Ресей Федерациясының халықаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты және нормативтік-құқықтық реттеуді орындауға және іске асыруға жауапты федералдық атқарушы орган. Министрліктің негізгі қызметі – жалпы сыртқы саяси стратегияны әзірлеу, Президентке тиісті ұсыныстар енгізу және сыртқы саяси бағытты жүзеге асыру.

СІМ жүйесіне орталық аппарат, шетелдік мекемелер, аумақтық басқармалар және министрлікке бағынатын ұйымдар кіреді. Министрліктің басты әкімшілік басшысы — Ресейдің Сыртқы істер министрі.

Құрылымы өңдеу

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің басты ғимараты, Мәскеу

Ресей СІМ Орталық кеңсесі түрлі департаменттерге бөлінген және әр департамент бөлімшеден тұрады. Департаменттерді директорлар және бөлімшелерді басшылар басқарады. 2007 жылы күшке енген 1163-Президенттік бұйрыққа сүйінсек, министрліктің 39 департаменті бар.[1] Бөлімшелер аумақтық және функционалдық болып бөлінеді. Әр бөлімшеде 30–60 дипломат жұмыс істейді.

Министрлер тізімі өңдеу

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің 1991 жылы құрылғанынан бері 4 түрлі министрі болған. Оның төртінші және 2004 жылдан бергі қазіргі министрі — Сергей Лавров.

#СуретіАты-жөні
(Өмір сүрген жылдары)
ҚызметіПартиясыҮкімет басшысыПрезиденті
1 Андрей Владимирович Козырев
(1951 туған)
27 желтоқсан
1991
5 қаңтар
1996
ПартиясызЕльцинГайдар
(1991–1992)
Борис Ельцин
(1991–1999)
Черномырдин
(1992–1998)
2 Евгений Максимович Примаков
(1929–2015)
9 қаңтар
1996
11 қыркүйек
1998
ПартиясызЧерномырдин
(1992–1998)
Кириенко
(1998)
3 Игорь Сергеевич Иванов
(1945 туған)
30 қыркүйек
1998
24 ақпан
2004
ПартиясызПримаков
(1998–1999)
Степашин
(1999)
Путин
(1999)
Касьянов
(2000–2004)
Владимир Путин
(2000–2008)
4 Сергей Викторович Лавров
(1950 туған)
24 ақпан
2004
Біртұтас РесейФрадков
(2004–2007)
Зубков
(2007–2008)
Путин
(2008–2012)
Дмитрий Медведев
(2008–2012)
Медведев
(2012–2020)
Владимир Путин
(2012–)
Мишустин
(2020–)

Дереккөздер өңдеу