Пэйнтбол

Пэйнтбол (ағылш. Paintball) экстремалды спорт жекпе-жектерінің жас түрі, ойыншылар бояулы шариктермен ататын арнайы пневматикалық қарулармен қаруланады.

Пэйнтбол ойыны

Ойын ұрыс әрекеттерін жақын және орташа қашықтықта өте дәл белгілейді. Ойыншыға тиген шар жарылып, киімде түрлі түсті белгі қалдырады. Ұрыс ашық та (орман, тау, арнайы жабдықталған полигондар), жабық та алаңдарда (бункерлерде, жертөлелерде, ғимараттарда) өте береді. Әуесқой ойындар қарапайымдалған ережелер бойынша жүргізіледі, турнирлік ұрыстардың қатаң регламенті және нақты жасалған тактикасы болады, онда әрбір сарбаз бүкіл команда үшін бір мақсатқа бағынған міндетті иемденеді.

Команда құрамы 4-тен 10 адамға дейін. Ойынның стандартты емес нұсқалары да бар («Top Gun» бір мезгілде 4–6 адам ойнайды және «әркім өзі үшін»; «Survival» 1 адам 3–4 адамға қарсы және т.б.).

Қару (маркерлер) өңдеу

Қазіргі кезде қарудың 50 шақты қару жүйесі бар, оларды негізгі 3 топқа бөлуге болады:

  • Помпалы маркерлер – қолмен зарядталып, бір рет атылады.
  • Жартылай автоматтар – затворы автоматты жүргізіліп, бір рет атылады.
  • Автоматтар – кезекпен 5–15 шардан ататын маркерлер.

Бояушы шарлар өңдеу

Стандартты калибр – 68, желатинді қабығы бар, ішінде глицерин мен ас бояудың қосындысы. Краска суда оңай ериді және тіпті ақ матадан да жылдам жуылады.

СО2 толық баллонымен (70-80 атм қысым) қаруланған маркерден атқанда шар стволдан секундына 100 м жылдамдық шамасында ұшады. Атудың көзделген дәлдігі 20–25 м, шар 50–60 м қашықтыққа ұшады. 15–20 м қашықтықтағы атыс дененің қорғалмаған бөлігін көгертіп жібереді.

Киім-кешек өңдеу

Киім-кешек ретінде жалпы әскерлік камуфляж форма, сондай-ақ арнайы тігілген костюмдер қолданылады. Бетперде, басқа киетін бандан, бронежилет пен перчаткілер киім-кешектің негізгі элементтері болып табылады.

Дереккөздер өңдеу

Сыртқы сілтемелер өңдеу

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеШоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыБауыржан МомышұлыҚазақстанҚазақстан географиясыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыСырым ДатұлыҚазақстандағы туризмПопуляцияТүр түзілуБасты бетДамушы елдерҚаныш Имантайұлы СәтбаевШәкәрім ҚұдайбердіұлыҒылыми-техникалық революцияҚазақстанның экологиялық проблемаларыЭкологиялық жүйеСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыХалықаралық ұйымдарСемей полигоныБактерияларТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҰлы Жібек жолыБіріккен Ұлттар ҰйымыЫбырай АлтынсаринТуризмБайқоңыр (ғарыш айлағы)Ұлы Отан соғысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАрнайы:ІздеуЭкологиялық проблемаГендік инженерияҚазақстанның сыртқы саясатыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіМұхитқа шыға алмайтын елдерСарматтар