Периодонтит

Периодонтит (грек. Peri – маңы, odontos – тіс) – тіс түбінің және оған жақын жатқан тканьдердің қабынуы. Периодонтит көбіне тіс кариесінің салдарынан болады. Мұнда тіс тканіне инфекция өтіп, тіс түбірін бүлдіреді, сондай- ақ тістің зақымдауынан пайда болады. Периодонтиттің жедел және созылмалы түрлері болады. Периодонтиттің жедел түрінде тістің айналасы қатты ауырады, егер тіске бірдеңе тиіп кетсе одан да қатты қақсап ауырады, қызыл иек, ерін, жақ ісінеді. Тіс босайды, жақ асты безі шошиді, лимфа түйіні ұлғаяды, кейде дене қызуы көтеріледі, асқынса сепсис ауруына шалдықтыруы мүмкін. Созылмалы Периодонтит – жай уақытта онша мазаламағанымен тамқ шайнағанда қатты ауырады, ауыздан жағамсыз иіс шығады, кейде қызыл иекке іріңді бөртпе шығып жарылады. Периодонтиттің бұл түрі жақ сүйекті бүлдіріп, сары сулы ісік пайда болуы мүмкін. ЕМІ: Периодонтитке шалдыққан тістің түбін тазартып, шегендейді, кейде тісті жұлады, тіс түбі, қызыл иек іріңдесе антибиотиктер беріледі. [1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Қазақ энциклопедиясы
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеШоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыБауыржан МомышұлыҚазақстанҚазақстан географиясыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыСырым ДатұлыҚазақстандағы туризмПопуляцияТүр түзілуБасты бетДамушы елдерҚаныш Имантайұлы СәтбаевШәкәрім ҚұдайбердіұлыҒылыми-техникалық революцияҚазақстанның экологиялық проблемаларыЭкологиялық жүйеСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыХалықаралық ұйымдарСемей полигоныБактерияларТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҰлы Жібек жолыБіріккен Ұлттар ҰйымыЫбырай АлтынсаринТуризмБайқоңыр (ғарыш айлағы)Ұлы Отан соғысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАрнайы:ІздеуЭкологиялық проблемаГендік инженерияҚазақстанның сыртқы саясатыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіМұхитқа шыға алмайтын елдерСарматтар