Мұнай Өндіруді Қарқындыландыру Әдістері

Мұнай Өндіруді Қарқындыландыру Әдістері - мұнай өндірудің өсімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін шаралар. Бұлар төмендегі іс-қарекеттер нәтижесінде жүзеге асады: а) Мұнайды динамикалық тұрғыдан ығыстырып шығару ("поршендік әсер" жасақтау); ә) қойнауқаттық флюидтің физикалық-химиялық қасиеттеріне әсер ету; б) койнауқаттың физикалық қасиеттеріне әсер ету. Мұнайды ығыстырып шығару қойнаукдтқа су айдау (қойнауқатты сумен тоғыту) арқылы жүзеге асырылады ("Мұнайлы қойнауқатты сумен тоғыту" мақаласын қараңыз). Мұнайды ығыстырып шығару кейде қойнауқатқа газ айдау арқылы да жүзеге асырылады (табиғи газды немесе ауаны). Қойнаукттың өтімділігі жоғары болған жағдайда және оның еңістену бұрышы 10°-тан жоғары болғанда газ қойнауқаттың көтерілген бөлігіне айдалса, жынауыштың өтімділігі нашар және еңістену бұрышы 10°-тан төмен болған жағдайда газ қойнауқаттың бүкіл ауданына айдалатын болады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 5-25 % аралығында артады. Қойнауқаттық жағдайдағы Мұнайға әсер ету оның түтқырлығы мен беткейлік тартылысын азайтуға, фазалық өтімділігін өсіруге бағытталады. Бұл үшін қойнауқатқа беткейлік белсенділігі күшті заттар, яғни карбондалған су немесе көмірқышқыл, жоғары қысымдағы құрғақ және метанды газ, қоңды және сүйытылған газ (бұл Мұнайдың газ әсерінен еруін қамтамасыз етеді), мицеллярлық ерітінділер (Мұнайлық сульфонат, полимерлер), органикалық еріткіштер (ауыр спирттер, газды бензин) т.б. айдалады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 50-70 %-ға дейін өседі. Қойнауқатқа бу және ыстық су айдау Мұнай өнімділігін 15-25 %-ға арттырады. Сол сияқты, қойнауқат өңірінде жану көздерін қалыптастыру әдісі де қолданылады, мұның нәтижесінде, пайда болған газдың, будың т.б. көлемі күрт өсуге байланысты, Мұнайды ығыстырып шығару мұмкіндігі тіпті 75-90 %-ға шейін өсуі ықтимал. Қойнауқаттық судың физикалық-химиялық қасиеттеріне әр түрлі қоюлатқыштармен (сүйықшыны, шайырлар, полиакриамидтер т.б.), сулы-газды қоспалармен және көбіктермен әсер ету Мұнайдың сумен ығыстырылып шығарылу процесін түрақтандырады және Мұнаймен ілесе өндірілетін су мөлшерінің азаюын қамтамасыз етеді (судың фазалық өтімділігі азаюына байланысты). мұның нәтижесінде Мұнай өнімділігі 20 %-дай, тіпті одан да көбірек өсеіін болады. Қойнауқаттардың физикалықпараметрлерін сапаландыру шаралары оларға карбондалған суды, көмірқышқылды, сілтілерді, күкірт қышқылын айдау нәтижесінде немесе күшті-күшті жерастылықжарылыстарды үйымдастыру арқылы жүзеге асады. Соңғы жағдайда қойнауқат болмысында жаңа жарықтар пайда болады немесе ескі жарықгар мен жарықшақтар кеңейе түседі. Мұнай өндіру өнімділігін арттырудың бактериялық әдістері бар.[1]

  1. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0==Дереккөздер==
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеШоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыБауыржан МомышұлыҚазақстанҚазақстан географиясыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыСырым ДатұлыҚазақстандағы туризмПопуляцияТүр түзілуБасты бетДамушы елдерҚаныш Имантайұлы СәтбаевШәкәрім ҚұдайбердіұлыҒылыми-техникалық революцияҚазақстанның экологиялық проблемаларыЭкологиялық жүйеСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыХалықаралық ұйымдарСемей полигоныБактерияларТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҰлы Жібек жолыБіріккен Ұлттар ҰйымыЫбырай АлтынсаринТуризмБайқоңыр (ғарыш айлағы)Ұлы Отан соғысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАрнайы:ІздеуЭкологиялық проблемаГендік инженерияҚазақстанның сыртқы саясатыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіМұхитқа шыға алмайтын елдерСарматтар