Меңгу Темір хан

Меңгу Темір - 1266 - 1280 жылдар аралығында билік құрған Беркеден кейінгі Алтын Орда ханы.

Меңгу Темір хан
Лауазымы
Алтын Орданың 5-ші ханы
1266 — 1280
ІзашарыБерке хан
ІзбасарыТуда Меңгу хан
Өмірбаяны
Дінітәңіршілдік
Дүниеге келуібелгісіз
Қайтыс болуы1280 (1280)
ДинастияШыңғыс әулеті
ӘкесіТұқан
АнасыХучухадун

Басқаруы

өңдеу

Оның билігі кезінде Алтын Орда өмірінде ешбір саяси эәне мәден өзгеріс болмаған. Меңгу Темірдің орыс князьдерімен арасындағы қарым - қатынасы Берке хан саясатын жалғастырады. Египеттік араб тілінде жазатын жылнамашылардың айтуынша, Меңгу Темір тамағына шыққан белгісіз бір жарадан қайтыс болған. Меңгу Темір кезінде Алтын Орда тарихында бірнеше маңызды оқиғалар болды. Бұл бір жағынан Қырымның болашақтағы тағдыры үлкен рөл атқарған Кафедегі (Феодосия) генуялық сауда колониясының пайда болуы болса, екінші жағынан саяси сахнада Ноғай секілді танымал тұлғаның қалыптасуы еді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Алтын Орда: Қазақ хандығы (I бөлім). Қазақстан балалар энциклопедиясы / Т. Жұмаханов, Б. Жұматаев, Т. Шаңбай. - Алматы: "Аруна" баспасы, 2007. - 224 бет, илл. ISBN 9965-26-042-7

Тағы қараңыз

өңдеу