Туда Меңгу хан

Туда Меңгу хан (туған жылы мен қайтыс болған жылдары белгісіз) — Алтын Орданың 6-шы ханы. Ол Меңгу Темір ханның інісі әрі мұрагері.

Туда Меңгу хан
Туда Меңгу хан
Ортағасырлық миниатюра
Лауазымы
Алтын Орданың 6-шы ханы
1280 — 1287
ІзашарыМеңгу Темір хан
ІзбасарыТөле Бұқа хан
Өмірбаяны
Дінітәңіршілдік, сосын ислам
Дүниеге келуібелгісіз
Қайтыс болуы1287 (1287)
ДинастияШыңғыс әулеті

Биографиясы

өңдеу

Ол туралы Новайри: "Исламның барлық дәстүрін ұстанған, әрқашан шейхтар мен факирлер ортасында жүрген мұсылман", - дейді. Ол танымал тұлға болмаса да, Талас құрылтайы оны Алтын Орда ханы етіп сайлады. Туда Меңгуді сайлау кезінде Ноғай өзін Маңғыт ордасының ханы деп жариялады. Екеуінің арасындағы қақтығыстан сақтанған құрылтай қыпшақ ханы Ноғайды маңғыттардың ханы деп тануды жөн көрді. Болгариядағы Тертер хандығы Ноғаймен тығыз байланыстағы нағыз моңғол протектараты болды. Ал Туда Меңгудің Ноғайға ашық қарсы шығуға жеткілікті күші болған жоқ. Туда Меңгу исламды жанды тану ретінде қабылдады. Ол исламдық ойды мистикалық оқудың жалғастырушысы, суфист болды. Суфизмнің әсерінен ол билікке қызығушылығын жоғалтты. Кейіннен ханның жан күйзелісіне ұшырағаны белгілі болды. Соңында Туда Меңгу тақтан тайып, орнына Төле Бұқа хан сайланды.

Әдебиет

өңдеу
  • Алтын Орда: Қазақ хандығы. Аруна баспасы, 2007. ISBN 9965-26-042-7

Тағы қараңыз

өңдеу