Шипажай

(Курорт бетінен бағытталды)

Санаторий (лат. sano — емдеймін, айықтырамын) — науқасты негізінен табиғи шипалы емдермен (минералды су, емдік балшық, климат), физиотерапия, диета, емдік дене шынықтырумен және режиммен емдейтін емдеу-сауықтыру мекемесі. Санаторилар көрсететін қызмет түріне қарай: бір бағытты (белгілі бір ауруды ғана емдеу) және көп бағытты (бірнеше ауру түрін емдеу) болып бөлінеді. Санаториларде негізгі емдік факторлар: минералды су (тұз мөлш. 0,5 — 15,2 г/л), атап айтқанда, радон, йод, бром, темір, азот, кремний аралас ыстық су; шөгінді балшық, күкірт қышқылды балшық (сульфид); шипалы климат. Санаторида емделу мерзімі — әдетте 21 — 24 күнге созылады. Қазір Қазақстанда 100-ге жуық Санаторилар мен аурудың алдын алу мекемелері (профилакторийлар) бар.[1]

Пайдаланылған cілтемелер өңдеу

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеШоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыБауыржан МомышұлыҚазақстанҚазақстан географиясыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыСырым ДатұлыҚазақстандағы туризмПопуляцияТүр түзілуБасты бетДамушы елдерҚаныш Имантайұлы СәтбаевШәкәрім ҚұдайбердіұлыҒылыми-техникалық революцияҚазақстанның экологиялық проблемаларыЭкологиялық жүйеСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыХалықаралық ұйымдарСемей полигоныБактерияларТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҰлы Жібек жолыБіріккен Ұлттар ҰйымыЫбырай АлтынсаринТуризмБайқоңыр (ғарыш айлағы)Ұлы Отан соғысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАрнайы:ІздеуЭкологиялық проблемаГендік инженерияҚазақстанның сыртқы саясатыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіМұхитқа шыға алмайтын елдерСарматтар