A.
Чукикамата — әлемдегі ең үлкен карьер
Карьер[1] (французша carrière – тас алынатын шұңқыр) – кен байлықтарын ашық кен өндіру әдісімен алу кезінде пайда болатын тау-кен қазбаларының жиынтығы; кен байлықтарын ашық әдіспен өндіретін тау-кен кәсіпорны.
  • Көмір өндірісінде карьер көмір қимасы деп аталады.
  • Ашық әдіспен кен өндіру палеолит дәуірінен белгілі. Ең алғашқы ірі карьерлер ежелгі Египетте пирамидалар салуға байланысты пайда болған.
  • Ауданы бірнеше км² , тереңд. 300 – 400 м-ге жететін, қабырғалары көлбей сатыланған өте үлкен шұңқыр түрінде қазылған.
  • Кен қалыңдығы 10 – 20 м-лік қабаттармен сатылап қазылып алынды.
  • Қазіргі карьерлерде жұмыс өнімділігі жоғары машиналар мен механизмдер жұмыс істейді. Қопару ұңғыларын бұрғылау үшін бұрғылау қондырғылары қолданылады. Аршу, өндіру жұмыстарында кентас, бос жыныстарды тасымалдау үшін жүк көтергіштігі 100 – 300 т карьерлік автокөліктер пайдаланылады. Сондай-ақ, электрлендіру, желдету, судан құрғату жұмыстары жүргізіледі.
  • Қазақстанда аса ірі Қоңырат, Соколов-Сарыбай кен орындарында, Екібастұзда (мысалы, “Богатырь” көмір қимасы) көптеген карьерлер бар.

Дереккөздер:

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том