Ичкерия Шешен Республикасы

Кавказдағы мойындалмаған тәуелсіз мемлекет (1991–2000)

Ичкерия Шешен Респубикасы (шеш. Нохчийн Республик Ичкери; Nóxçiyn Respublik Içkeri, орыс. Чеченская Республика Ичкерия) — бұрынғы Шешен-Ингуш АКСР территориясында КСРО ыдырағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялаған де-факто мемлекет. 1993 жылы Ичкерия атауы Шешен Республикасы болып өзгертілді де, ол Ресей құрамына енді.

Шешен Республикасы
шеш. Нохчийн Республика(1991–1994)

Ичкерия Шешен Республикасы
шеш. Нохчийн Республик Ичкери; Nóxçiyn Respublik Içkeri
(1994–2000)

Мойындалмаған мемлекет (1991–2000)
Қуғындағы үкімет (2000 бастап)


1991 — 2000

2000 — қазір
(қуғындағы үкімет)


БайрағыЕлтаңбасы
Ұраны
«шеш. Marşo ya Joƶalla!/Маршо я Iожалла»
«қаз. Бостандық, не Өлім»
Әнұраны
«Joƶalla ya Marşo!»

Әлем картасындағы Ичкерия (жасыл түсті)
АстанасыГрозный (1996 жылы атауы Ƶovxar-Ġala ("Жовхар-ГIала") деп өзгертілген)
Тіл(дер)ішешен тілі, орыс тілі
ДініРесми діні:
Ақша бірлігіРесей рублі
Шешен нахары (жоспарланған; қолданысқа енбеген)
Аумағы15,647 км²
Халқы1,3 млн (1992)
865 мың (1996)
Басқару формасыУнитарлы Республика (1991–1996)
Унитарлы Ислам мемлекеті (1996–2000)
Ичкерия президенті
 - 1991–1996Жохар Дудаев
 - 1996–1997Зелімхан Йандарбиев
 - 1997–2000Аслан Әлиұлы Масхадов
Қуғындағы президент
 - 2000–2005Аслан Әлиұлы Масхадов
 - 2005–2006Абдул-Һәлим Әбусаламұлы Сайдулаев
 - 2006–2007Доку Омаров
Премьер-министрі
 - 1991–1996 (тұңғыш)Жохар Дудаев
 - 1998–2000 (соңғы)Аслан Әлиұлы Масхадов
Тарихы
 -  1 қараша 1991Тәуелсіздігі
 -  11 желтоқсан 1994Бірінші Шешен соғысының басталуы
 -  12 мамыр 1997Мәскеу бейбітшілік келісімі
 -  26 тамыз 1999Екінші Шешен соғысының басталуы
 -  6 ақпан 2000Грозный үшін шайқас
 -  31 қазан 2007Кавказ Әмірлігінің жариялануы; ИШР Нохчийчоь уәлаяты атауын алды

Тәуелсіздігін 1991 жылы шілдеде жарияланды, Жохар Дудаев тұңғыш президенті болды. Шешенстанның біржақты тәуелсіздігін жариялауы Ресей үкіметі мен көтерілісшілер арасындағы ұзаққа созылған соғысқа әкеліп соқты, нәтижесінде айтарлықтай шығын мен қираулар болды. 1994–1996 жылдардағы соғыс қимылдарының нәтижесінде Ресей армиясы ИШР Ресей Федерациясы құрамына қайтаруға тырысты, бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. 1996 жылы өтетін президенттік сайлаумен байланысты Ресей басшылығы Шешенстаннан әскерді шығаруға мәжбүр болды. 1999 жылы Екінші Шешен соғысы басталып, 2000 жылдың көктемінде ИШР мемлекет ретінде іс жүзінде жойылды.

2022 жылдың қазан айында Украина парламенті Ичкерия Шешен Республикасын «уақытша оккупацияланған» деп тануға дауыс берді.[1][2]

Дереккөздер өңдеу