Жұмыс күші

Жұмыс күші – 1) дүние жүзінің көптеген елдерінің статистикалық көрсеткіштерінде қолданылатын ұғым. Экономикалық белсенді тұрғындар санын, яғни елдегі еңбекке жарамсыз адамдарды қоспағанда, 16 жастан бастап зейнетке шығу жасына дейінгі аралықтағы жұмысқа қабілетті (жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз) тұрғындардың жалпы санын білдіреді. Елдегі Жұмыс күші жалпы Жұмыс күші және азаматтық Жұмыс күші болып бөлінеді. Жалпы Жұмыс күші – елдегі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Азаматтық Жұмыс күші – елдегі әскери қызмет атқарып жүрген азаматтарды қоспағандағы еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Қазақстанда еңбекке қабілетті 16 жастан 63 жасқа дейінгі ер адамдар, 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер елдегі Жұмыс күші көрсеткішін құрайды. Олардың жалпы саны 8,531 млн. адам (2000); 2) белгілі бір адамның еңбекке қабілеттілігі, яғни оның бойындағы қоғамдық пайдалы өндіріске қажетті физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің (білігі, дағдысы, тәжірибесі) жиынтығы.[1]

Жұмыс күші ұсынысының кері қисығы өңдеу

Жұмыс күші ұсынысының кері қисығы - еңбек жалақысы өсуге емес, керісінше қосымша сағаттарға жұмыс істеуге дайындықты төмендетуге әкеп соқтыратын жағдаят. Мысалы, әдеттегі ісімен айналысатын шаруалар және толық жұмыс кестесі бойынша оқу жылы ішінде жұмыс істейтін студенттер қосымша ретінде «мақсатты табыс» алуы мүмкін; осыған байланысты аз сағатты жұмыс пен еңбек жалакысын жоғарлату арасындағы таңдау.[2]

Дереккөздер өңдеу

  1. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 965-808-89-9


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеШоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыБауыржан МомышұлыҚазақстанҚазақстан географиясыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыСырым ДатұлыҚазақстандағы туризмПопуляцияТүр түзілуБасты бетДамушы елдерҚаныш Имантайұлы СәтбаевШәкәрім ҚұдайбердіұлыҒылыми-техникалық революцияҚазақстанның экологиялық проблемаларыЭкологиялық жүйеСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыХалықаралық ұйымдарСемей полигоныБактерияларТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҰлы Жібек жолыБіріккен Ұлттар ҰйымыЫбырай АлтынсаринТуризмБайқоңыр (ғарыш айлағы)Ұлы Отан соғысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАрнайы:ІздеуЭкологиялық проблемаГендік инженерияҚазақстанның сыртқы саясатыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіМұхитқа шыға алмайтын елдерСарматтар