Жақсылық (жантану)

 Басқа мағыналар үшін Жақсылық деген бетті қараңыз.

Жақсылықадамгершілік пен арлылықты сипаттайтын жалпы ұғым. Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы жалпы қасиеті арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүлдесіне, арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына тиісті баға беріледі. Жақсылық әр түрлі деңгейде тұлғалық қасиеттердің ізгілігін айқындайды. Бұл ұғым әлеуметтік психология мен әдептану ғылымдарында жиі қолданылады және адамның жас ерекшелік, ұлттық, жыныстық (гендерлік) өзгешеліктерімен байланысып жатады. Жақсылық ұғымы педагогикалық психологияда да, этнопсихологияда да жиі қолданылады. Бұл ұғым бұрын-соңды шыққан орыс және төл тіліміздегі психологиялық сөздіктерде орын алмауы бұл мәселенің әлі де тыңғылықты зерттелмегенінің айғағы.[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыҚазақстанШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыБасты бетҒылыми-техникалық революцияҰлы Жібек жолыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануСемей полигоныБесеудің хатыЖалпы ішкі өнімЫбырай АлтынсаринҚазақстанның экологиялық проблемаларыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыЭкологиялық жүйеСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыХалықаралық ұйымдарҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыЖалпы Ұлттық ӨнімҚазақстанның сыртқы саясатыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыБіріккен Ұлттар ҰйымыБактерияларНұрдәулет Игілікұлы ҚилыбайДамушы елдерҚаныш Имантайұлы СәтбаевЕкінші дүниежүзілік соғысДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруЭкологиялық проблемаПопуляцияВирустарТұқым қуалайтын өзгергіштікҚожа Ахмет Ясауи кесенесіАрнайы:ІздеуҚазақстан экономикасы