Даңғыл

ұзын әрі кең тіке көше

Даңғыл - Сайрап жатқан, кең тегіс жол. «Бұл жолмен ертеректе қалың ел көшіп, даңғыл боп жатады екен» (Сәбит Мұқанұлы Мұқанов, Есею жыл.).

Әбілқайыр хан даңғылы (Ақтөбе)

Дәл осы тұлғадағы сөзді басқа түркі, қала берді, моңғол тобындағы тілдердің кейбіреуінен кездестіреміз. Бірақ кейбіреуінің мағынасы сәйкес келмейді. Құмық тілінде: дангыл — құм, шөл; дангыл авлакь — құмды жер; Қырғыз тілінде: даңгыл — мықты, күшті. Ал қалмақ тілінде біздегі «даңғыл» мағынасын «даң уга» тіркесі береді. Бірақ моңғол тілінде мұндай мағынаны басқа дыбыстық құрамдағы сөз бере алады. Көрсетілген деректерді салыстыра отырып, ой жүгіртсек, сөз төркіні түркі тілдері деуге тура келеді. Көп әрі жиі жүрістен, көлік аяғымен шиырлана түскен жол берік әрі мықты болатынын ескерсек, бүған қырғыз тілі дерегі куә болғандай, егер сөз түбірін бір буынды — «даң» деп санасақ, бұл топшылауымызды тува тілі дерегі қостайды. Тува тілінде: дыңзығ — мықты, күшті. Мұндағы «дың» біздегі «даң»-мен ұқсас деуге түркі тілдеріне тән а ~ ы дыбыс сәйкестігі жол береді. Сөйтіп, сөз төркіні түркі тілдері де, алтүбірі — «даң~дың», мағынасы — мықты, күшті. Құмық тіліндегіні ауыспалы мағына деуге болады да, ал қалмақтар түркі тілдерінен ауысып алуы мүмкін.[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеШоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыБауыржан МомышұлыҚазақстанҚазақстан географиясыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыСырым ДатұлыҚазақстандағы туризмПопуляцияТүр түзілуБасты бетДамушы елдерҚаныш Имантайұлы СәтбаевШәкәрім ҚұдайбердіұлыҒылыми-техникалық революцияҚазақстанның экологиялық проблемаларыЭкологиялық жүйеСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыХалықаралық ұйымдарСемей полигоныБактерияларТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҰлы Жібек жолыБіріккен Ұлттар ҰйымыЫбырай АлтынсаринТуризмБайқоңыр (ғарыш айлағы)Ұлы Отан соғысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАрнайы:ІздеуЭкологиялық проблемаГендік инженерияҚазақстанның сыртқы саясатыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіМұхитқа шыға алмайтын елдерСарматтар