Газпром-медиа

"Газпром-медиа" – ақпараттық холдинг [1].

ААҚ "Газпром-Медиа" 1998 жылы құрылды. Ақпараттық холдингті құрудағы мақсат ААҚ-ның федералдық және аймақтардағы БАҚ-тың басқару пакеті акцияларын бір жерге шоғырландыру болатын. Компания 1998 жылдың сонына дейін өмір сүрді. 2000 жылы медиа-холдингті қайта жандандыру туралы шешім қабылданды.

Холдинг басшысы - Иордан Борис. Директорлар кеңесінің төрағасы - Дыбаль Александр.

Холдинг құрамына "НТВ" телекомпаниясы, "ТНТ" тележүйесі, "Прометей ACT" телекомпаниясы, бірнеше радиост-лар "Эхо Москвы", "Открытое радио", "Спорт FM", "РДВ" және "До-радио", газеттер "Труд", "Трибуна", "Деловой вторник", "Фактор" журналы; 50 аймақтық телекомпаниялар және баспа басылымдары кірді.

Мекенжайы: 117884, Мәскеу, Наметкин к-сі, 16-үй. Пошта мекенжайы: 103918, Мәскеу, Газетный қиылысы. 5-үй, 1-құрылым. Телефондар: (495) 791-48-64, 229-03-04, 719-8281; Факс (095) 229-79-30.

Сурет:Газпром-Медиа logo.gif

Дереккөздер

өңдеу
  1. "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5