Бейбітшілік және келісім сарайы

Бейбітшілік және келісім сарайы — архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.

Бейбітшілік және келісім сарайы
Балама аты

Астана Пирамидасы

Жалпы мәлімет
Орналасуы

Астана, Қазақстан

Құрылысы басталды

2004

Құрылысы аяқталды

2006

Ашылған уақыты

1 қыркүйек 2006

Биіктігі
Биіктігі

62 м

Ең соңғы қабат

16

Техникалық сипаттамасы
Ғимараттың ішкі ауданы

25,5 мың м²

Лифтілер

3

Дизайны мен құрылымы
Сәулетшісі

Foster and Partners

Инженері

Buro Happold

Басқа да мағлұматтар
Дүкендер саны

2

Бөлмелер саны

105

Картада орналасуы
Бейбітшілік және келісім сарайы (Қазақстан)
Бейбітшілік және келісім сарайы
astana-piramida.kz

Координаттар: 51°07′23″ с. е. 71°27′48″ ш. б. / 51.1231278° с. е. 71.4635500° ш. б. / 51.1231278; 71.4635500 (G) (O) (Я)

Сипаттамасы

өңдеу

Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Норман Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіреберісі жер астында орналасқан.[1]

Архитектурасы

өңдеу

Бейбітшілік және келісім сарайы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьездерінің өткізілетін орны ретінде әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердың жобасымен «Сембол Иншаат» Турциялық құрылыс компаниясы салды. Осы кешеннің ең басты ерекшелігі ғимарат Фибоначчидің алтын қима принципіне сәйкес салынған. Сонымен қатар, ғимараттың негізі биіктігі мен ені 62 метр болатын шаршымен қаланған. Бұл жерде көрме залдары, конференц-зал, қысқы бақ, 1500 көрерменге арналған концерт және опера залы орналасқан. Интерьерлері күрең-алтын тонда жасалып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілгендіктен сапалы жұмыстар жүргізуге мүмкіндіктер көп. Сахна жанында 80 музыкантқа шақталған 2,8 метрлік оркестрлік орын орналасқан. Мерекелік зал 2000 шаршы метрден астам аумақты қамтиды және бір уақытта 1000 адамға дейін қабылдай алады. Ауданы бойынша ең үлкен зал 2000 шаршы метр ауданды алып жатырған «Хеопс атриум» залы. Осы залда Елордамыз Астана қаласын 2030 жылға дейінгі дамытуға арналған басты жоспардың құрамы орналасқан.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезі Қазақстанның Мемлекеттік туы түстеріндегі витраждармен безендірілген, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі залының үлгісіне салынған пирамиданың ең жоғарғы жағында орналасқан дөңгелек залда өтеді. Суретші Брайан Кларк жасаған үлкен витраж; залдың сәні болып болып табылады, ол жерден елорданың панорамалық көрінісі ашылады[2]. Оны «әлемнің қолын бейнелейтін» төрт тірек ұстап тұрады. Бір қабат төменінде үлкен кітапханамен қамтамасыз етілген әлемдік діндердің зерттеу орталығы орналасқан. Пирамиданың ортасына қарай иілген қабырғаларда Астананың аспа бақтары орнатылған. Бұл ғимарат әртүрлі діндердің, ұлт өкілдерінің бірлесетін жері екеніне тағы бір дәлел бола алатын факт пирамиданы Қазақстандағы халықты, сонын ішінде бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп жатырған әртүрлі ұлт өкілдерін бейнелейтін 130 ұшып бара жатырған көгершіндердің тобы бейнеленген үлкен шыны күмбез қоршап тұр. Түнгі уақытта күмбез жанып, маяк секілді әртүрлі мәдениеттердің, діндердің, халықтың бірлігін бейнелейді.

Сыртқы сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
  2. Бейбітшілік және келісім сарайы  (қаз.). Astana Venue Management (2021). Тексерілді, 19 қыркүйек 2022.