Басқан өзені

БасқанБалқаш алабындағы өзен.

Басқан өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы137 км
Су алабының
ауданы
2,7 мың км²
Су алабыБалқаш
Су ағысы
БастауыБасқан тауы
 • Биіктігі4000 м
 • Координаттары45°15′50″ с. е. 80°41′54″ ш. б. / 45.26389° с. е. 80.69833° ш. б. / 45.26389; 80.69833 (G) (O) (Я) (T)
СағасыАралқұм құмы
 • Координаттары45°57′12″ с. е. 79°23′36″ ш. б. / 45.95333° с. е. 79.39333° ш. б. / 45.95333; 79.39333 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°57′12″ с. е. 79°23′36″ ш. б. / 45.95333° с. е. 79.39333° ш. б. / 45.95333; 79.39333 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
АймақЖетісу облысының Сарқан және Ақсу аудандары

Географиялық орны

өңдеу

Жетісу облысының Сарқан және Ақсу аудандары арқылы өтеді.

Бастауы

өңдеу

Бастауын теңіз деңгейінен 4 мың м биіктіктегі мұз басып жатқан Басқан тауынан алады. Төменгі жылғасы Аралқұм құмына сіңіп кетеді.

Гидрологиясы

өңдеу

Ұзындығы 137 км, су жиналатын алабы 2,7 мың км2. Терең шатқалмен ағатын өзен суының ағысы таудан шыға берісте төмендейді, арнасындағы әр түрлі тасындылар тау бөктеріне шөгеді. Новопокровка ауылы тұсында көп жылдық орташа су шығыны 10,5 м3/с. Суы тау етегіндегі егістікті суаруға жұмсалады. Басқаннан 8 суару каналдары тартылған. [1]

Дереккөздер

өңдеу