Байырғы қазақ өлшемдері

Байырғы қазақ өлшемдері – қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Қазақтардың көне заманнан бастау алатын халықтық өлшем жүйесіне ұзындық, қашықтық,аумақ, көлем, салмақ, уақыт, мезгіл өлшемі түрлері кіреді.[1] Мысалы, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған.

Сондай-ақ уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да аспан шырақтарының көкжиекпен салыстырғандағы орны алынған. Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгілі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған. Жетілдіріле келе бұл ыдыстар су сағатына айналған. Мұндай бірліктердің басым көпшілігі адамның көзбен шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп өту мерзімімен мөлшерленген. Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы» тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады. Халық арасында сұйықтықты (қымыз, шұбат, т.б.) сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған. Мысалы, торсыққа жеті – сегіз аяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екі жарым – үш торсыққа тең.

Заманында ата-бабаларымыздың кеңінен қолданған «қолдың қары» өлшемі ағылшын «ярдымен» шамалас. Ал Ресейде 17 – 20 ғасырларда қолданылып келген ағылшын футы (foot – табан) байырғы қазақ өлшемі «табанға» жуықтау келеді: «табан» өлшеміне қазақ табанның енін алса, ағылшын футы – табан тұрқына тең. Сондай-ақ ағылшынның дюйм (голландша – үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы «бармақ» өлшеміне («Бармақ елі қазы») сәйкес келеді. Орыстың «верстасы» мен қазақтың «шақырымы», орыстың «долясы» мен қазақтың «мысқалы», сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен қазақтың «қадағы» шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады.

Ұзындық өлшемдері өңдеу

Қазақтарда бұл өлшем бірліктер: елі, бармақ, шынашақ, буын, алақан, тұтам, қарыс, сүйем, шынтақ, кез, құлаш деп аталады.

Елі — сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі, шамамен 2 см тең өлшем. Қатар орналасқан екі саусақтың қалыңдығы - екі елі, үш саусақтың қалыңдығы - 3 елі, төрт саусақтың қалыңдығы - 4 елі болып аталады.

Буын – ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5 – 6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою-өрнектің мөлшері осы буынмен өлшенген. Ол тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған.

Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60 – 70 см) бірлігі.

Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі.

Алақан - төрт еліден сәл үлкендеу өлшем, ашылған алақанның еніне тең.

Тұтам - таяқ немесе арқанды ұстап жұмылған жұдырықтың ені, шамамен 8-см-ге тең ұзындық, төрт еліден сәл үлкен.

Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Мысалы, киіз үйдің уығы он екі – он алты қарыс мөлшерінде жасалады.

Қарыстың туынды бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17 – 18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді. Сүйем – шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі – сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген.

Шынтақ - шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралықты білдіреді, шамамен 70см-ге тең болған.

Қолдың қары немесе қары – кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80 – 85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (шамамен 1 м) қары ретінде алынады.

Құлаш - иық деңгейінде екі жаққа кере созылған екі қол ұшының арасы, шамамен 165-175 см тең.

Қашықтық өлшемдері өңдеу

Қашықтық өлшемдерінің ең көне әдісі - қашықтық бөліктерін уақыт бөліктерімен салыстыру арқылы анықтау тәсілі. Соның негізінде халықтық өлшемдер жүйесінде қашықтыққа қатысты түстік жол, түстік жер, күншілік жер/жол, айшылық жер/жол деген өлшемдік ұғымдар пайда болған.

Түстік жер - салт атпен түске дейін жүріп өтетін қашықтықты білдіретін өлшем. Шамамен 40-50 км болады.

Күншілік жол - атпен бір күнде жүріп өтетін қашықтық - 60-80 км-ге тең болған.

Айшылық жол - атпен жүргенде бір айда жетуге болатын қашықтықты білдіретін өлшем. Шамамен 2500-3000 км.

Көш жер - көштің бір күнде жүріп өтетін қашықтығы, шамамен 20-30 км.

Қозы көш жер - көш кезінде қозылардың өз жүрісімен жүріп өтетін аралығы, шамамен 5-6 км болады.

Салмақ өлшемдері өңдеу

Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен тараған кейбір салмақ өлшемдері:

Табақ – шамамен он екі орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Ол үлкен табақ (шамамен 11,7 – 12 кг) және кіші табақ (шамамен 3,9 – 4 кг) болып екіге бөлінеді. Үлкен табақ астық салығын төлеу кезінде, ал кіші табақ сауда-саттық, алыс-беріс жұмыстарында қолданылған. Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Ол Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында шамамен 65 – 66 кг-ға, ал кей жерлерінде алты пұтқа (96 кг), тең болған.

Батпан – Ресейдің шет аймақтарында (негізінен азиялық бөлігінде) пайдаланылған салмақ бірлігі. Көне орыс жазбаларында ол 10 фунтқа тең делінеді.

Қадақ – ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді.

Мысқал – Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, Орта Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Мысқал 4,31 г-ға тең болған, алтын мен күміс ақшалардың, бағалы заттар, дәрі-дәрмектер мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған. Қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем бірліктерінің ішінде ең көп тарағаны – танап. Қазақстанның суармалы егіншілік аудандарында (Тараз, Қазалы, Шымкент, т.б.) 1820,83 шаршы метрге тең. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмаған. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске ұшырап отырған.

Уақыт, мезгіл өлшемі өңдеу

Қазақта уақыт мезгілдерін анықтайтын, жіктеп айыратын халық теңеулері мен өлшемдері өте бай. Ғалым Н.Уалиев өз еңбегінде мынадай атауларды келтіреді:таң, таң атқанда, таң құланиектенгенде, таң бозарып атқанда, таң сімірі, ереуіл таң, көгала таң, рауан таң, сабах, құлқын сәрі, сәскемәл, сәске, ерте сәске, ұлы сәске, қан сәске, сиыр түс, қозы түс, түс әлеті, түсімәлі, талма түс, талмау түс, анық түс, тал түс, шалқар түс, түс қия, бесін, айна бесін, қожа бесін, екінді, іңір, іңір қараңғысы, намазшам, ақсам батпай, құптан мезгіл, түннің бір ұйқысында, түннің екі ұйқысында, түн жарым, түн ортасы, түн ортасы ауған кез, таң қараңғысы.

Көне өлшем бірліктері өңдеу

қ/сКөне  өлшем  бірліктеріМетрикалық  шамалар  жүйесі
11 көнек сүтшамамен 6 – 7 литр
21 шелекшамамен 1,2,3 литр
31 қапшамамен 4 пұт = 65 – 66 кг.
41 мысқалшамамен 4,46 г
51 қадақ бидайшамамен 9,47 кг
61 жамбы күмісшамамен 6 кг
71 кезшамамен 62 см
81 пітір бидайшамамен 3 кг
91 ширек шайшамамен 250 г
101 әшімөңке шайшамамен 50 г
111 таймөңке шайшамамен 25 г
121 қайнатым шайшамамен 6,5 г
131 шөкім тұзшамамен 12,5 г
141 қазық бойышамамен 3 метрдей
151 көгеншамамен 25,5 м
161 бұршақшамамен 3 – 4 сүйем,
171 сүйемшамамен 18 см.
Қашықтық өлшемі
1Адым ( қадам )1 метр
2Таяқ тастам1015 метр
3«Әй » дейтін жер100 метр
4Дауыс жететін жер250-300 метр
5Шақырым1 километр
6Тай шаптырым4 – 5 километр
7Қозы көш жер5 – 6 километр
Салмақ өлшемі
1Мысқал1 грамм
2Қадақ400 грамм
3Келі1 килограмм
4Пұт16 килограмм
5Батпан100 килограмм
Ұзындық өлшемі
1Елі1,5 сантиметр
2Тұтам, сынық сүйем14 – 15 сантиметр
3Сүйем17 – 18 сантиметр
4Қарыс20 – 22 сантиметр
5Кез50 сантиметр
6Аршын75 сантиметр
7Құлаш1,80 метр
Мерзім ( уақыт өлшеуіші )
Бір сәт1 секунд
Сүт пісірім5 – 10 минут
Бие сауым1,5 сағат
Ет пісірім2,5 – 3 сағат
Бір түн,бір күн24 сағат
Апта7 күн
Ай30 – 31 күн
Тоқсан3 ай
Жыл365 күн
Ғасыр100 жыл
1 мүшелмен12 жыл
1 мүшел13 жас
2 мүшел25 жас
3 мүшел37 жас
4 мүшел49 жас
Сусымалы денелерді өлшеу бірліктері:
уыс


бес  саусақты жұмылдырған мөлшем
қалта200-300 гр
қоржын≈ 40 кг
қап≈ 4 пұт ≈ 54-65 кг
дағар≈ 6-8 пұт ≈ 100-130 кг
батпан≈ 3 дағар ≈ 300-450 кг.
Биіктік,тереңдік  өлшеу  бірліктері:
оқ бойы≈ 1,0-1,5 м жебе ұзындығы
найза бойы≈ 3-5 м
арқан бойы≈10-12 м
Мезгіл және мерзім өлшемдері
1) сүт пісірім5-10 минут
2) ет пісірім2,5-3 сағат
3) бір күн (тәулік)24 сағат
4) апта7 күн
5) ай30-31 күн

Дереккөздер өңдеу

  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 22-27 бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014