Торсық
Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе,
- қырғыз,
- қазақ,
- түрікмен,
- қарақалпақ халықтары пайдаланған.
Жасылу барысы мен түрлері
өңдеуТорсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері:
- шимайторсық,
- өркешторсық,
- жанторсық,
- мүйізторсық, және т.б.
Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен) әр түрлі өрнек салынады.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Әдебиеттер
өңдеу- Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу). Таңдамалы шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979;
- Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап, 2005;
🔥 Top keywords: Басты бетАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауЖұма намазБесін намазыИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚазақстанЕтеккірСақтарҚазақ хандығының құрылуыӘл-Фатиха сүресіАлланың есімдеріШыңғыс ханМұхаммедАрнайы:Жуықтағы өзгерістерҚазақ хандарыАхмет БайтұрсынұлыАлаш партиясыМұхтар Омарханұлы ӘуезовСанжар Сейітжафарұлы АсфендиаровТүрік қағанатыБаланы қырқынан шығаруСалауатБауыржан МомышұлыЫбырай АлтынсаринАқ Орда (мемлекет)Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміТуыстық атауларыОйжұмбақ 2Абай жолы (роман)Орталық АзияКөкжөтелАқпараттық қауіпсіздікТехникалық қызмет көрсетуОм заңыЕкінші дүниежүзілік соғысӘл-Кәһф сүресі