2001: Ғарыш одиссеясы

2001: Ғарыш одиссеясы (ағылш. 2001: A Space Odyssey) — Стэнли Кубриктің 1968 жылы шыққан ғылыми-фантастикалық фильмі. Өз жанрындағы және жалпы кино тарихындағы ең әсерлі әрі мықты фильмдердің бірі. Кинотуындыда адам эволюциясы, бөгдеғаламдық тіршілік, ғарыштану, технологиялардың дамуы, жасанды интеллект сияқты мәселелер көтеріледі.

2001: Ғарыш одиссеясы
2001: A Space Odyssey
Жанры

фантастика, триллер

Режиссёрі

Стэнли Кубрик

Продюсері

Стэнли Кубрик
Виктор Линдон

Сценарийдің авторы

Артур Кларк
Стэнли Кубрик

Басты рөлдерде

Кир Дулли
Гари Локвуд
Уильям Сильвестер
Дэниэл Риктер

Операторы

Джеффри Ансуорт

Композиторы

Рихард Штраус
Иоганн Штраус
Дьёрдь Лигети
Арам Хачатурян

Кинокомпания

Metro-Goldwyn-Mayer
Stanley Kubrick Productions

Ұзақтығы

162 мин. (премьералық нұсқа)
142 мин. (режиссерлік нұсқа)

Бюджеті

12 млн $

Кассалық түсімі

146 млн $

Мемлекет

 АҚШ
 Ұлыбритания

Тілі

ағылшын тілі

Шыққан жылы

1968

IMDb

ID 0062622

1991 жылы бұл фильм АҚШ Конгресс кітапханасының Ұлттық фильмдер регистріне енгізілді. Фильмге Артур Кларктың «Қарауылшы» (ағылш. The Sentinel) атты әңгімесі негіз болған; ал жазушының «2001: Ғарыш одиссеясы» атты романы фильм премьерасынан кейін жарияланды. Фильм және кітаптың құрметіне НАСА өзінің Марстық миссиялардың бірін атады.

Түпнұсқалық трейлер

Сюжет өңдеу

Фильмде адамзаттың тылсымды қара монолиттерге кездесулері баяндалады. Біріншісі эволюция басында орын алған және жабайы топтардың құралдарды жасап шығаруға әсер еткен. Енді бір кездесуі ғарыштану кезеңінде болады, Ай бетіне жеткен адамдар монолитті ай топырағынан шығарыспақ болған шақта, ол Юпитер жаққа қуатты толқындық сәулені шығарады. Кейін сол бағдармен арнайы ғарыш экспедициясы ұйымдастырылды, оған екі пилот, анабиозға енгізілген бірнеше ғалым және жасанды интеллектісі бар HAL 9000 компьютері кірді.

Жүлделері өңдеу

Сыйлықтың атыНоминациясыНоминантНәтижесіДер.
ОскарҮздік режиссерСтэнли КубрикНоминация[1]
Үздік төлтума сценарийСтэнли Кубрик және Артур КларкНоминация
Үздік қоюшы суретші жұмысыЭнтони Мастерс, Гарри Ланг және Эрнест АрчерНоминация
Үздік визуалды эффекттерСтэнли КубрикЖеңіс
BAFTAҮздік фильмСтэнли КубрикНоминация[2]
Үздік қоюшы суретші жұмысыЭнтони Мастерс, Гарри Ланг және Эрнест АрчерЖеңіс
Үздік операторлық жұмысДжеффри АнсуортЖеңіс
Үздік дыбысУинстон РайдерЖеңіс
United Nations AwardСтэнли КубрикНоминация
Círculo de Escritores CinematográficosҮздік шетел фильмі2001: Ғарыш одиссеясыЖеңіс[3]
Давид ди Донателло сыйлығыҮздік шетел фильміСтэнли КубрикЖеңіс[4]

Дереккөздер өңдеу