Өлшемсіз шама

Өлшемсіз Шамалар–негізгі шама ретінде алынған физикалық шаманың кез келген өзгерісіне тәуелсіз болатын туынды физикалық шамалар. Мысалы, егер негізгі шама ретінде ұзындық (L), масса (M), уақыт (T) алынса және олардың кез келген өзгерісі берілген шаманың мөлшеріне әсер етпесе, онда мұндай шаманың өлшемділігі (L0 M0 T0 =1) 1-ге тең әрі ол шама осы шамалар жүйесінде өлшемсіз болады. Мысалы, екі радиус арасындағы шеңбер доғасы ұзындығының радиус ұзындығына қатынасы арқылы анықталатын жазық бұрыш радиус ұзындығына тәуелсіз болатындықтан, LMT жүйесінде өлшемсіз шама болып есептеледі. Салыстырмалы ылғалдылық, салыстырмалы магниттік және электрондық өтімділік, т.б. сондай-ақ ұқсастық критерийлері (Рейнольдс саны, Прандтль саны, т.б.) сияқты салыстырмалы шамалар да өлшемсіз шамаларға жатады. Салыстырмалы шамалар пайызбен (%) және промиллемен (‰) де көрсетіледі. Шамалардың бір жүйесіндегі өлшемсіз шамалардың басқа жүйеде өлшемі болуы мүмкін.

[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. "Қазақ Энциклопедиясы"


🔥 Top keywords: Шоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыСырым ДатұлыЫбырай АлтынсаринБауыржан МомышұлыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстанБасты бетҰлы Отан соғысыСарматтарМәңгілік бала бейнеСемей полигоныАхмет БайтұрсынұлыҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақстанның экологиялық проблемаларыӘлкей Хақанұлы МарғұланЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚызыл кітапКүнделік.кзХалықаралық ұйымдарМұнайҚазақстан географиясыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерОтан қорғаушы күні (Қазақстан)Арнайы:ІздеуӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚытайТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровШәкәрім ҚұдайбердіұлыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЭкологиялық жүйеСақтарҚазақстанның сыртқы саясатыТуризмСын есімКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҒаламдық экологиялық проблемалар