Әл-Хәкім әт-Тирмизи

Тирмизи, әл-Хәкім Әбу Абдаллах Мұхаммед б. Әли (туған-өлген жылы белгісіз) – 9 ғасырда өмір сүрген шығыс Иран сопылығының көрнекті өкілі. Термез қаласында дүниеге келген.

Әл-Хәкім әт-Тирмизи
араб.: الحكيم الترمذي
Туғандағы есімі:Мұхаммед ибн Әли ибн әл-Хусейн әт-Тирмизи
Лауазымдары мен атақтары:Әл-Хаким (қаз. данышпан)
Мансаптары:Суфисттік философ
Туған күні:755 ж. қаңтардың 01 (755—01—01) (1269 жас) Термез
Қайтыс болған күні:869 қаңтар 01 Термез
Әкесі:Әли ибн әл-Хусейн
Мазһабы, ағымы:сүннит, суфий, ханафит
Ұстаздары:Әбу Тұраб ан-Нахшаби, Ахмад ибн Хадравайхи, Яхья әл-Жалал және т.б.
Шәкірттері:Әбу Әли әл-Жүзхани, Әбу Бакр әл-Уаррақа және т.б.
Еңбектері, шығармалары:Илал әш-Шариа, Хатм әл-Әулия

Өмірбаяны

өңдеу

«Өмірбаяны» бойынша, сегіз жасынан бастап діни оқулы зор ыждаһатпеноқиды. 28 жасқа толғанда Меккеге барды.Қажылықтан оралған соң ат-Тирмизи сопылықжолына түседі: адамдар дай оқшау жүретінболды, мистик, трактаттарды оқып үйренеді.Оның сопылық ұстаздарының арасынабелгілі хорасандық шейх Әбу Тұраба ан-Нахшаби, Йахия әл-Жалла, Ахмед б. Хадрабайхы, т.б. бар. ат-Тирмизидің тағдыры оныңәйелімен тығыз байланысты болды, өйткеніол күйеуінің көзқарастарын толық құптады.ат-Тирмизидің уағыздары мен шығармалары,өзгелерінен бұрын «Илал аш-шариа и Хатым әл-әулийа» еңбегі мұсылмандық салт,«Құдайға деген махаббат», мистиканыңәртүрлі дәрежелері «Пайғамбарлардыңмөрімен» қатар қасиеттер салатын «мөрбелгі» туралы айтқан пікірлері факихтермен билік иелерінің наразылығын тудырды.Қуғыннан бас сауғалап, ол Балқыма, оданкейін Нишапурға кетуге мәжбүр болды, солжақтан өзіне көптеген жақтастар тапты.Саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты ат-Тирмизитуған қаласына қайтып оралып, шәкірттерімен ізбасарларының ортасында қайтысболды.[1]

Тарихтағы орны

өңдеу

Сопылық ілім тарихындағы ат-Тирмизидіңорны, негізінен, оның шығармаларыменанықталады, ал олардың жалпы саны сексенге жуық. Оларда «жан», оның «жағдайы»мен «қозғалысы» туралы, адамның өзін-өзіжетілдіру мен құмарлық нәпсісін тежеу,тазару үшін қиналу, т.б. туралы баяндағанілімдері кейінгі сопылық психологиясына қатты ықпал етті. Ол адамның қабілетіқабылдай алатын ілім - мистикалық «гносис» деп есептеді, оны адамдардың жүрегіне қамалған «Құдай нұрымен» теңнәрсе деп қарады. Егер ілімді оқу арқылымеңгеруге мүмкін болса, марифа - Құдайлық өз сүйген құпына сыйлайтын мейірі.Ілімнің қолдану аясы мен уақыты шектеулі,ал марифаға ешқандай шек қойылмайды.«Гносиске» тек жаны тіршіліктегі, дағдыларынан тазарған және ниеті Құдайға бағытталған адамдардың ғана қолы жетпек.Ондай адамдарды ат-Тирмизи сопышылдықтың«қасиеттері» деп есептеді. Олар басқа дінгесенушілерден дәл осы «гносис» арқылыажыратылды. Әулие жайындағы сопылықпікірді бірінші рет теориялық негіздеген, ісжүзінде оны «құқық» жағынан «елшілермен»және «Пайғамбарлық» пен «әулиеліктің»бір-бірімен байланысы, сопышылдықтағы«әулиелердің» иерархиясы туралы идеяларыибн Арабидің еңбектерінде өз жалғасын табады, ол өз шығармаларына ат-Тирмизидің трактаттарынан көлемді үзінділер енгізіл отырды.

Зерттеушілер ат-Тирмизи будда, христиан жәнеманихей ілімдерімен таныс болғаныноның еңбектерінен байқауға болады, дейді.Білімінің тереңдігі мен көзкарасыныңкеңдігін лайықты бағалай отырып, оны замандастары данышпан деген құрметті есіммен атайды.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
  2. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010 ISBN 9965-26-322-1


🔥 Top keywords: