Қыз кәде

Қыз кәде — ұлттық ойын. Бұл ойында ұзатылатын қыздың жеңгелері мен күйеудің қосшылары тартысқа түседі. Ойынды қыз жағының жеңгелері бастайды. Олар “қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ” деп жол-жора жасаттырады. Екі жақ әзіл-қалжың қағыстырып, өнер жарысына түседі. Кейбір аймақтарда ұзатылғалы отырған қызды үйден кілемге салып көтеріп алып шығып, дәл аттанар сәтте ойынды бастайтын болған. Ал Қазақстанның шығыс, орталық өңірлерінде Қыз кәде қызды аттандырудан бір күн бұрын өткізілген.[1] Ойында білегін сыбанып, белін буған жеңгелер мен өңешін созған жігіттердің ортасында басына сәукеле киіп ұзатылатын қыз тұрады. Әзіл сөз, айтыс өлеңмен жеңсең қызды алып жүре бер деген. Суырыла сөйлейтін шешен жігіт пен тілмәр келіншек тартыса келіп, сөзге тоқтар жолға жүгінеді, осылайша ойын жалғаса береді, Ойын тым ұзаққа созылуы да мүмкін. Дегенмен ойынға үлкендерден болатын басшылық — бақылаудың нәтижесінде екі жақ тоқтамға келіп, қызды шығарып салады.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
  2. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3