Қалақай көбелегі
Қалақай көбелегі (Aglaіs urtіcae), нимфалидтер тұқымдасына жатады. Көбелек қанатының өрісі 50 мм. Қанаты қара жолақты, ашық қызыл сары түсті. Еуропа мен Азияның қоңыржай аймақтарында кең таралған. Көбелектер тасалау жерлерде қыстайды (тек ұрғашылары ғана, ал еркек көбелектер күзде өліп қалады). Ерте көктемде ұшып шығып, жұмыртқаларын қалақайдың (аты соған сәйкес қойылған), кейде сиырбүлдіргеннің жас өркендеріне салады. Өсімтал, бірден 200-дей жұмыртқа салады. Қара сары жолақты жұлдызқұрттары топталып, тормен шырмалған ұяларды мекендейді. Қуыршақтанудың алдында ұяларынан шығып, өсімдік бойымен өрмелеп, дараланып кетеді. Жылына 1 – 2 ұрпақ береді.[1]
Сілтемелер өңдеу
Дереккөздер өңдеу
- ↑ Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
🔥 Top keywords: Салт етістікҮстеуШылауЕтісЕсімдікСабақты етістікЕсімшеКөсемшеЕсімді сөз тіркестеріЕтістікСын есімСептеулік шылауларЕліктеу сөзАбай ҚұнанбайұлыСын есімнің шырайларыОдағайСөздердің байланысу тәсілдеріРайАйқындауышОқшау сөздерСөйлем мүшелеріЖалғаулық шылауларСептік жалғауҚызыл кітапТұйық етістікСөйлемнің бірыңғай мүшелеріЖаһандануСөз тіркесіДемеулік шылауларЗат есімЕтістікті сөз тіркестеріБасты бетҰлы Жібек жолыСан есімКөне түркі жазбаларыАстанаАнықтауышПысықтауышАналитикалық тәсіл